Бүгін:
kz ru

«Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» атты аудандық ақындар айтысының іріктеу кезеңі

Талас ауданы Қаратау қаласы Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығында Ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың туылған күніне орай «Жамбыл- менің жай атым, халық- менің шын атым!» атты аудандық айтыс өтті. 
Аталған айтыстың ережесіндегі шарты бойынша І кезені әр ауылдық округтерден бастау алған бұл додаға тек бейімі бар жас талапкер ақындар ғана іріктеліп алынып, бүгінгі аламан додаға қатысып отыр. Жалпы бүгінгі додаға қатысып отырған 10 айтыскер ақын өздерінің жүйрік тілді, орақ ауызды, күміс көмейлі талантты дарабоздар екенің жиналған жұртшылыққа дәлелдеу үшін барлық өнерлерін ортаға салды. 
Әсем сөзден өрнек құрап, қазақ халқының өткені мен бүгінің жырға қосқан аламандарды атап айтар болсақ, Әбілжан Тәттімбет (Ойық ауылы), Мыңбосын Нүризат Қойшыбайқызы (Ақкөл ауылы), Манатбек Нұржан Жексенбекұлы (Қызылуәіт ауылы), Сәтберген Заңғар Ғалымұлы (Бостандық ауылы), Оңғарбай Сағадат Мәжитұлы (Бостандық ауылы), Сәбит Абылай Мейірханұлы (Бөлтірік ауылы), Баймырза Ермұрат Аманжолұлы (Шәкіров ауылы), Ермаханбет Фариза Әмзебекқызы (Аққұм ауылы), Оразбеков Еркін Алтынбекұлы (Қаратау қаласы), Есет Досалы (Ойық ауылы). 
Сонымен қатар айтысқа арнайы шақыртылған қонақтар, БАҚ өкілдері, көрермендер қатысты. Айтысқа қатыстырылып отырған жас талапкер ақындар болғандықтан айтыс өте тартысты, әрі тартымды да қызықты өтті.
Айтысқа қатысқан талантты жастарымыздың жеңімпазын анықтап, өнерін бағалаған қазылар алқасы Ахметжан Өзбеков, Айтмұханбет Исақов, Ербол Қамбатыровтардың шешімімен 
Бас жүлде - Есет Досалы (Ойық ауылы)
1-орын – Манатбек Нұржан (Қызылуәіт ауылы)
2- орын – Оразбеков Еркін (Қаратау қаласы)
3- орын – Фариза Әмзебекқызы (Аққұм ауылы)
берілді. Айтыс соңында айтысқа қатысқан барлық талантты жастарымызға облыстық, аудандық марапаттаулар және қазақтың киелі домбырасы мен қаржылай сыйлықтар табыс етілді.


 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз