Бүгін:
kz ru

Облыстағы айтыс өнерінің жаңа тынысы.

Дәстүрлі түрде өткізілетін «Жамбыл- менің жай атым, халық- менің шын атым!» атты республикалық ақындар айтысына, суырып салма өнері бар айтыскерлерді іріктеу 8 қаңтардан ауылдық округтерден, 14 қаңтардан бастап аудандарда бастау алды. Қуантарлығы 10 аудан мен Тараз қаласын қосқанда қазіргі таңда 86 талант иесі анықталып отыр. Ендігі кезекте әр ауданнан суырылып шыққан айтыскерлер облыстық айтысқа жолдама алуда.
Осы үрдіске сай, бүгін Жуалы аудандық халық шығармашылығы мәдени демалыс орталығында аудандық ақындар айтысы болып өтті. Додаға жуалылық барлығы 6 ақын қатысты. Олар Қанат Мырзаханұлы, Ауесхан Үркімбаев, Аяжан Асқар, Даярбек Санжар, Немербаев Даулет.
Бұл айтыс, басқаларынан ерек болды. Себебі дәстүрлі айтыспен қатар, Құлмамбет айтысы да өтті. Құлмамбет айтысы дегеніміз - барлық қатысушылар бір мезгілде ортаға шақырылып, оларға ортақ тақырып беріледі. Осы тақырып аясында бір айтыскер бір шумақ өлеңдетіп бастаса, нағыз суырып салма өнері бар қалған айтыскерлер іліп алып бір-бір шумақтан айтып отыруы қажет. Яғни «өлеңнің көкпары» деп айтсақ та болады.
Айтыстың қорытындысында қазылар алқасының шешімімен І орынды Қанат Мырзаханұлы, ІІ орынды Дидар Апбасов, ІІІ орынды Ауесқан Үркімбаев иеленіп,15 ақпанда өтетін облыстық айтысқа жолдама алды.




 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз