КЕЛЕЛІ КЕҢЕС.
Халықаралық айтыскер ақындар мен жыршы термешілер одағының Жамбыл облысы бойынша филиялы құрылылып, төрағасы сайланды
Бүгін 2018 жылдың 11 желтоқсан күні Жамбыл атындағы «Руханият» орталығында өңіріміздегі айтыскер ақындардың басын қосқан «Айтыс өнерін дамытудың жаңа бағыттары» атты дөңгелек үстел өтті.
Аталған жиынның негізгі мақсаты Халықаралық айтыскер ақындар мен жыршы-термешілер Одағының Жамбыл облысындағы филиалын құру, төрағасын сайлау, келер жылдың басында өтетін Республикалық «Жамбыл – менің жай атым, халық-менің шын атым!» атты ақындар айтысында топ жарып, жүлделі орын алу үшін жерлес ақындарымыздың дайындықтарын шыңдау, алдағы уақытта өзге елімізде өтетін республикалық айтыстар мен халықаралық «Алтын домбыра» айтысына Жамбыл облысының жыр жүйріктерінің қатысуына ықпал ету; Жас айтыскер ақындарды дайындайтын тәлімгер, ұстаз ақындарды бекітіп, үйрету бағдарламасын жасау.
Жиын барысын Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Бықыбаев ашып, қазіргі уақытта облысымыздағы төл өнердің даму барысындағы бір қатар өзекті мәселелерге тоқталып өтті.
Басқарма басшысының сөзіне келер болсақ, талантты айтыскер ақындарды ең алдымен ауылды өңірлерден іздеп тауып, іріктеу байқауын ұйымдастырып, соның ішіндегі жүйрік деп таңылғандарына облысымыздағы атақты ақындарды тәлімгер ретінде бекітіп, еліміздегі республикалық, халықаралық ақындар айтысына қатысуға мүмкіндік жасау керек екендігің алға тартып отыр.
Сонымен қатар, жоғарыдағы байқаулардың нәтижесінде келер жылы яғни ақпан айында Тараз қаласының төрінде өтетін «Жамбыл – менің жай атым, халық-менің шын атым!» атты республикаклық ақындар айтысына Жамбыл өңірінен кемінде 4-5 ақынның қатысуы керек дейді басқарма басшысы.
Сондай-ақ жоғарыдағы игілікті жобаларды жүзеге асыру мақсатында басқарма басшысының ықпалымен Халықаралық айтыскер ақындар мен жыршы термешілер одағының Жамбыл облысы бойынша филиялы құрылылып, жиналған ақындардың қолдауымен Одақтын төрағасына Ахметжан Өзбеков сайланды.
Естерінізге сала кетейік аталған одақ облысымызда тұңғыш мәрте құрылып отыр.