Бүгін:

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫҢ ЗАМАНАУИ ДАМУЫ

Бүгін Жамбыл атындағы "Руханият" орталығында Облыстық халық шығармашылығы орталығының қызметкерлері арасында күні кеше ғана жарыққа шыққан Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы аясында "Ұлттық құндылықтарымыздың заманауи дамуы" атты дөңгелек үстел өтті.
Аталған жиынның негізгі мақсаты Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы көне рухани құндылықтарымыз түгендеп, оларды замануи үлгіде дамуына атсалысу;
Осы мақала аясында көрсетілгендей ұмыт болып бара жатқан ұлттық мәдени мұраларымыз бен көнеден сақталып ұрпақтан-ұрпаққа жетіп келе жатқан музыкалық аспаптардың шығу тарихымен таныса отырып, оларды қазіргі заманауи тұрғыдағы көзқараспен зерделу.
Қазақ халқының ерте заманнаң бері ауыздан-ауызға тарап осы күнге жеткен жыр дастандары, ән-күйлері, әдебиеті, өнері, мәдениеті төңірегінде тарихи сыр шерте отырып, оларды осы кезеңдегі даму үлгісімен ұштастырудың жолдарын қарастыру.
Жиын барысында Қызметкерлер арасында мақаладағы ауқымды тарауларға ашық ой-пікірлер білдіріліп, алдағы уақытта ұжым болып "Ұлы даланың жеті қырында" көрсетілген бағыттарды жүзеге асыру үшін бір қатар жобаларды күн тәртібіне қойды.
Сонымен қатар, аталған дөңгелек үстелдегі жиында орталықтың қызметкерлері халық игілігі үшін жыл басынан атқарылып келе жатқан жоспардағы іс-шаралардың маңызы мен қорытындысы,одан шыққан нәтижелеріне де айрықша тоқталып, сараптама жасап өтті.    




 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз