Бүгін:
kz ru

Қуандық Шолақтың "Күзде гүлдеген тобылғы" атты әдеби кеші ...

Әдебиет пен өнерді бағалай білген ұлтымыз "Өнер көзі халықта" деп бекер айтпайды.
Балаға-рух, атаға-сенім, ақынға-қанат, абызға-ой сыйлайтын қазақ тілі мен әдебиеті. Осы қасиетті әдебиет жолында із қалдырған өңіріміздің қаншама талантты қаламгер тумалары баршылық. Сондай апталдай қазақ перзентінің бірі ақын Қуандық Шолақов ағамыз.
Иә рас ақын көңілі суреткер деп халық текке айтпаса керек. Сол суреткерлік пен шешендікті, халықтың әр замандағы қоғам алдындағы жағдайын, адамзатқа ортақ құбылыс табиғатты, өткен дәуірдегі бабалар қалдырған. Аманат құндылықтарды өз ойымен ұштастырып, келешек жастарға өнеге ретінде зор шығармашылық туындысын қалдырған азаматты ғана ақын деп айта аламыз. Ал бүгінгі кешімізге арқау болып отырған Қуандық ағамыз ақын деген аттаққа әбден лайық.

Бүгін яғни 2018 жылдың 28 қарашасы күні Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығына қарасты Жамбыл атындағы "Руханият" орталығының ұйымдастыруымен Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері, Түркісойдың "Мақтұмқұлы" атындағы төсбелгісінің иегері, Республикалық жыр мүшәйрасының бірнеше дүркін жүлдегері, ақын Қуандық Шолақтың "Күзде гүлдеген тобылғы" атты әдеби кеші өтті.
Аталған әдеби кешке ақынның өмір жолын, өнердегі ерекшелігін, шығармаларын кейінгі ұрпаққа кеңінен таныту, насихаттау мақсатында өңіріміздегі айтулы ақын жазушыларымыз бен қаламгерлеріміз жиналды.
Мәселен, ақын Қуандық Шолақов ағамыздың жарыққа шыққан кітаптары мен жастарға үлгі болатын парасаттылығы төңірегінде А.Өзбеков, Е.Қамбатыров, Е.Абдиев, Ж.Әбдіхалықов, Ү.Битенова т.б сынды қаламгерлер ой қозғап,талғамы биік ақынның жырларын ұлттық нақыштарға бай туындыларға теңеді.
Бұл әдеби кешке өңіріміздегі зиялы қауым, жас қаламгерлер, қала тұрғындары мен қонақтары және БАҚ өкілдері қатысты.
МАДИЯР ЕРАЛЫҰЛЫ







 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз