Бүгін:
kz ru

«Инабатты ару-2018» байқауы

«Инабатты ару-2018» байқауы
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының тапсырысы шеңберінде «Асыл арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жасөспірімдер мен жастарды ұлттық тәрбиелеу бағытындағы жұмыстар» тақырыбындағы әлеуметтік жобаны іске асыру мақсатында 2018 жылдың 31 қазан күні Жамбыл ауданына қарасты Өрнек ауылындағы № 17 Жамбыл атындағы коледжінде «Инабатты ару-2018» атты байқау өткізілді.
Аталған байқауда коледждің жас білімгер арулары өз бақтарын сынады. Жалпы байқауға қатысушы арулар негізгі 3 кезең бойынша сынға түсті. 
Бірінші кезеңде аруларымыз өздерін таныстырса, екінші кезеңде қазақ халқының салт-дәстүрлерінен, әдет-ғұрыптарынан сұрақ-жауап, үшінші кезеңде сахна төрінде байқауға қатысушы аруларымыз өз өнерлерін көрсетті. Байқау соңында жеңімпаздарға «Асыл арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау қоғамдық бірлестігінің тарапынан бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдар табыс етілді.



 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз