Бүгін:
kz ru

"Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб-2018" облыстық байқауы

 "Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб-2018" облыстық байқауы бүгін Меркі ауданы қарасты Аққайнар ауылдық клубында жалғасты.
Байқау клуб алдында қолөнер бұйымдарынан көрме жасақталып, әжелеріміздің әсем әуенімен бастау алды. Сонымен қатар байқау барысында ауылдың жас өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салды. Олар өз туған жеріне деген құштарлығын өнерлерімен дәлелдей білді. Жастар саxна төрінде туған ауылдарын жырға қосып, жиналған ауыл тұрғындары мен қонақтарына туған өлкелерінің тариxынан сыр шертетін қойылым мен концерттік бағдарлама ұсынды.





 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз