"Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб-2018"
Бүгін Жамбыл облыстық халық шығармашылығы орталығының жоспарына сәйкес "Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб-2018" облыстық байқауына Талас , Сарысу аудандарының ауылдық мәдени нысандары қатысып отыр.
Талас ауданы Ақкөл ауылдық мәдениет үйінде "Туған жер-жырым да сен, сырым да сен!"тақырыбында жергілікті әнші,сазгер Әуесхан Салабеков пен жас ақын Ерімбет Досалиевтің өнерін жасөспірімге насихаттау мақсатында әдеби- сазды кеші ұйымдастырылды.
Ал облыстық байқаумен тұспа-тұс келген Сарысу ауданы Түркістан ауылында ыңғайласып орналасқан ауылдық клуб ғимаратының ашылу салтанатымен бастау алды. Аудан әкімінің қатысуымен өткен "Астана -Қазақстан жүрегі"атты әдеби сазды кешінде түрлі театрландырылған көрініс пен ән шашу тарту етті.
Шарада қолөнер шеберлері мен суретшілердің туындыларынан көрме жасақталды. Сонымен қатар ауыл тұрғындарымен сауалнама жүргізілді.