Бүгін:

«Бір өлең, бір әуен» атты ән-жыр кеші

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығы мен «Хұснихат» әдебиетті қолдау қорының ұйымдастыруымен жергілікті жас ақындардың шығармашылығын насихаттау, жас авторларды қолдау мақсатында 2017 жылдың  16 наурыз күні Тараз қалалық мәдениет үйінде «Бір өлең, бір әуен» атты жергілікті жас ақындардың ән–жыр кеші ұйымдастырылып өтті.

         Кешті  Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Бықыбаев пен ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президенті Грантының иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағы басқарма төрағасының орынбасары Маралтай Райымқұлов ашып, қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. 

         Республикаға танымал ақындарымыз Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі Хамит Есаман, «Астана» телеарнасының Тараз қаласындағы меншікті тілшісі Данияр Әлімқұл, Ақын-сазгерлер Перизат Оспанова, Асхат Абзалбек, Нұржан Әлішев, Нұрлыбек Құрманов, Самат Тоқбанов, Назерке Оңғар, Айнаш Бейсенова, Арайлы Жақсылық, Раушан Жөкеевалар сахнада өз өлеңдерін ұсынды. 

         Кеш барысында жергілікті жас ақындардың сөздеріне жазылған әндерді әншілер Ғани Мәтебаев, Қайсар Көкішев, Толғанай Атабайқызы,  Айбар Сабит,  «Әдемі-ай» дуэті, Қаракөз Сағынтай, Айнаш Бейсенова, «Жыр думан» тобы, Перизат Оспанова, Али Реймов, Асхат Абзалбек т.б өнерпаздар нақышына келтіре орындап, көрермендердің ыстық ықыласына ие болды.

         Сондай ақ, кештің құрметті қонақтары Маралтай Райымқұлов пен  «Хұснихат» әдебиетті қолдау қорының президенті, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Ғалым Қалыбекұлы  жырдан шашу шашты.

         Кеш соңында барлық қатысушы жергілікті ақындар мен әншілерге ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттар табыс етілді.

     

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз