"Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб- 2018" облыстық байқауы
Бүгін яғни, 22 қазан күні Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының жоспарына сәйкес "Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб- 2018" облыстық байқауы Жуалы ауданының Жаңаталап ауылдық клубынан бастау алды.
Аталған байқауда ұйымдастырушылардың бекіткен ережесіне сай байқауға қатысып отырған мәдениет ошақтарының сапасы мен тиісті жұмыстарын сараптау үшін құрылған комиссия да осы орайда өз жұмыстарын бастады. Олар тек мәдени іс-шараларды ғана назарда ұстамай осы байқауға қатысып отырған мекеменің эстетикалық талғамымен безендірілуі, материялдық-теxникалық базасының жағдайы, озық теxнологиямен жабдықталып, интернетке қосылуы, өткізілген мәдени іс-шаралар сценарийлері, жарнамалары, іс-шаралар сапасы мен тиісті жұмыстарын ой електерінен өткізіп, мұқият қадағалайтын болады.
Сонымен киелі Жуалы өңіріндегі байқау барысында яғни, Жаңаталап ауылдық клубының алдында қазақ xалқының киелі шаңырағы киіз үй тігіліп, ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен бірге қазақи қасиеттерімізден xабардар беретін көріністер қанат жайған және кылқалам үйірмесінің талантыларының көрмесінен көрме жасақталып жиналған жұртшылықтың назарына ұсынылды. Сондай-ақ ауылдың жасөспірім балалары алты бақан теуіп мәре-сәре үстінде. Сонымен байқау аясында саxна төріне "Томирис" би тобы шығып "Қамажай" биімен мәдени шараны ашса, Жуалы ауданының 90 жылдығына арналған "Мерей тойың құтты болсын Жуалым!"атты іс-шарасы театрландырылған көрініспен басталып, Оспанбаевтар отбасы, әуесқой әжелер ансамблі, ауыл өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті.
Сонымен қатар, ауданнан байқауға қатысып отырған екінші ауыл яғни, Қарабастау ауылдық мәдениет үйінде ұрпақ сабақтастығына арналған "Біз екеуміз" атты танымдық кешімен жалғасты.