Бүгін:
kz ru

«ЕҢ ҮЗДІК АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ, КЛУБ – 2018» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ

2018 жылдың 22-26 қазан аралығында облыс аудандарында Жамбыл облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб-2018» байқауы өтпек. Байқаудың мақсаты аудандағы ауылдық клуб мекемелеріне үлгі болуға лайықты клуб мекемесінің келбетін жасау, клуб мекемелерінің дамуы мен сақталуына жергілікті басқару органдарының назарын аудару, клуб мекемелерінің материалдық-техникалық базасының нығайуына ықпал ету, ауыл тұрғындарына талапқа сай үлгілі қызмет көрсетілуін және клуб қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін анықтау, жаңа идеялар мен инновацияны анықтау.

Байқаудың шарттары:
Байқауға әр ауданнан 2 клуб мекемесі (1 клуб, 1 ауылдық мәдениет үйі) іріктеліп, белгіленеді. Байқау негізінен әр ауданның өзінде өткізіліп, тек жеңімпаздары ғана облыстық байқауға қатыстырылады. Ережеге сәйкес, мекеменің эстетикалық талғамымен безендірілуі, материалдық-техникалық базасының жағдайы, озық технологиямен жабдықталып, интернетке қосылуы, өткізілген іс-шаралардың сценарийлері, жарнамалары, іс-шара сапасын тиісті жұмыстарын сараптау үшін комиссия құрылды.

Байқау кестесі:

22 қазан – Жуалы ауданы
(Қарабастау ауылдық мәдениет үйі,
Жаңаталап ауылдық клубы)

23 қазан – Жамбыл ауданы
(Айша бибі ауылды мәдениет үйі,
Өрнек ауылдық клубы)

24 қазан – Талас ауданы
(Ақкөл ауылдық мәдениет үйі)

24 қазан – Сарысу ауданы
(Түркістан ауылдық клубы)

25 қазан – Мойынқұм ауданы
(Құмөзек ауылды клубы)

25 қазан – Қордай ауданы
(Әлжан ана ауылдық мәдениет үйі)

26 қазан – Меркі ауданы
(Аққайнар ауылдық клубы)

26 қазан – Т.Рысқұлов ауданы
(Құмарық ауылдық мәдениет үйі)

26 қазан – Байзақ ауданы
(Суханбай ауылдық клубы)

Байланыс телефондары: 8 (726)2 45-26-08; 45-26-02
Облыстық халық шығармашылығы орталығы
Электронды мекен-жай: ocnt_taraz@mail.ru

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз