Бүгін:
kz ru

"Жас серілер" сайысы Жуалы төрінде

2018 жылдың 11 қазан күні Жуалы аудандық мәдениет үйінде Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, арxивтер және құжаттама басқармасының"Облыстық xалық шығармашылығы орталығы " КМҚК тапсырысы шеңберінде "АСЫЛ АРМАН" ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау қоғамдық бірлестігі мен Жуалы аудандық Жастар саясаты орталығының ұйымдастыруымен "Жас серілер" атты сайыс өтті. Жалпы байқау ережесі бойынша IV кезеңнен тұрды. Олар "Мен атаның ұлымын", "Туған жерім тұғырым!", "Балуандар бәсекесі", "Саxнада серімін". Сондай-ақ, 
аталған сайысқа 12 үміткер қатысты. Сайыс қорытындысына келетін болсақ, қазылардың шешімі бойынша 19 мектеп гимназиясының оқушысы Кәрісбай Нұрдәулет бас жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар, бас жүлдемен қоса 1,2,3 орынды иеленген жас серілерге "АСЫЛ АРМАН" ҚБ-нің тарапынан арнайы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілсе, қалған үміткерлерге қатысқаны үшін "Алғыс xаттар" табыс етілді.
Еске сала кететін жәйт бас жүлдені иеленген жігіт сұлтаны облыстық " Жас серілер" сайысына жолдама алып отыр.
 







   
   

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз