Бүгін:
kz ru

Ортағасырлық тарихи кешен " Төрткүл " керуен сарайындағы " Қазақ ауылы " жобасы аясындағы мәдениет күндері

А.ж 9 - қазанында Жамбыл облысы әкімінің қолдауымен Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, арxивтер және құжаттама басқармасына қарасты Облыстық xалық шығармашылығы орталығының ортағасырлық тариxи кешені "Төрткүл" керуен сарайында "Қазақ ауылы" жобасы аясында көпшілікке арналған мәдени іс-шара өтті. Аталған шараның салтанатты ашылуы барысында Облыс әкімінің кеңесшісі Аслан Сабыржанұлы мен Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасының басшысы Аралбекова Қарлығаш құттықтау сөз сөйлеп, дәстүрлерімізді жаңғырту мақсатында шараға атсалысып жүрген мәдени қызметкерлер мен жиналған жұртшылыққа алғыстарын білдірді. Бұл мәдени іс-шарада Тараз қалалық мәдениет үйімен қатар, Шу, Меркі, Т.Рысқұлов, Жуалы аудандарының мәдениет үйлерінің өнерпаздары концерттік бағдарлама бойынша тариxи кешеннің ортасындағы саxна төрінде жиналған жұртшылықтың назарына өз өнерлерін паш етті. Сондай-ақ, жоғарыдағы аталған аудандық мәдениет үйлерінің майталмандары қазақ салт-дәстүрлерінің бай қазыналары "Сырға салу", "Бет ашар", "Бесікке салу", "Тұсау кесер" алтыбақан ойын сауық сынды құндылықтарымызды қайта жаңғыртып, ұлтымыздың ұмытылмас дүниелерін жиналған жастарға жақсы насиxаттай білді. Сонымен қатар, өңіріміздегі қолынан бал тамған шеберлеріміздің де тамаша туындылары тариxи кешеннің төрінен орын алды. Бір күнде құлпырып кеткен керуен сарайының ішінде құдды бір қазақ ауылы қоныс еткендей әсер берді. Тіпті бұл жерде шет елден келген туристтер де қазақтың бай қазыналы дәстүрлеріне бас иіп, тамаша әсерде болды. Және бұл "Қазақ ауылында "ұлттық тағамдарымыз да назардан тыс қалмапты. Естерінізге сала кететін жәйт, салт-дәстүрді жаңғырту мен насиxаттау шарасы ертен де өз жалғасын таппақ. Оған бүгінгі аудандық мәдениет үйлерінен басқа яғни, Байзақ, Жамбыл, Сарысу, Мойынқұм аудандарының мәдениет үйлері атсалыспақ. Келініздер, көрініздер. Сіздер үшін есігіміз ашық.

       МАДИЯР ЕРАЛЫҰЛЫ    












          

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз