Бүгін:
kz ru

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

2018 жылдың 5 қазан күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауын жолдады. Жалпы Президент жолдауы экономика өсімі мен қазақстандықтардың тұрмысы жақсаруын қамтамасыз ететін ауқымды әлеуметтік-экономикалық жобаларды жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.
Сонымен қатар, "Президенттің қазіргі Жолдаудағы бастамалары ең бастысы азаматтардың баспаналы болу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған.
Сондай-ақ, Елбасы биылғы жолдауында жастарға үлкен көңіл бөліп отыр. Елдің болашағы оларға берілген тәрбиеге байланысты" - дейді президент. Біздің пікіріміз бойынша бүгіннің өзінде жастармен жұмыс жасайтын мемлекеттік органдар Президенттің Жастар жылы деп жариялауы аясындағы іс-шаралардың жоспарын әзірлеуге кірісу керек деп ойлаймыз. Жалппы, Президент жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыруға бір жарым трлн теңге аударылатының да атап айтты. Демек, бұл қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға барынша тиімді жұмсауымызды қажет ететін үлкен қаражат екені даусыз. Егер Елбасымыздың жолдауындағы тапсырмалар алдағы уақытта жүзеге асып жатса Қазақстан халқының да әлеуметі мен экономикасы едәуір ілгері дамитыны анық.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз