Бүгін:

Жамбылдық өнерпаздар Түркияда өнерлерін көрсетті

Өткен аптада Шу ауданының «Әсем әуен» фольклорлық ансамбліТүркия мемлекетіндегі халықаралық «Анадолы» фестиваліне қатысып қайтты.Жерлестеріміз осымен 15-ші мәрте ұйымдастырылып отырған шараға ҚазақстанныңТүркиядағы елшілігінің арнайы шақыртуымен барды.
Еліміздің атынан өнер көрсеткен шығармашылық топты Шу ауданы әкімініңорынбасары Клара Қожағаппанова, облыс әкімдігі мәдениет, архивтер жәнеқұжаттама басқармасының бас маманы Еркежан Сембаева, облыстық халықшығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі Эльмира Дүтбаева жәнеҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әуесхан Келгенбаев бастап барған-ды.Өнер мерекесі басталмас бұрын жамбылдық делегация Этимесгут ауданының мэріЭнвер Демирельдің қабылдауында болып, оған қазақ елінің ризашылығы ретіндеЖамбыл Жабаевтың қорынан төсбелгіні табыс етті. Сонымен қатар жерлестерімізөңіріміздегі шеберлердің қолынан туған, Жамбыл Жабаевтың бейнесі өрнектелгенкілемшені де сыйға тартқан.
Он күнге жалғасқан дәстүрлі фестивальге бірқатар түркі тілдес мемлекет­тер менТүркияның жергілікті өнер жұлдыздары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

Шараның екінші күнінде өнер көрсеткен шулықтар 50 мың көрерменгеӘбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін, Ескендір Хасанғалиевтың «Атамекен»,Мэлс Өзбековтің «Толқиды Шуым» әнін, Арман Бексұлтанның «Елге тілек» жәнеМайлықожаның «Өсиет» термесі мен «Жан еркем», «Құрбым-ай», «Дей салдым-ай»,«Ауылың сенің іргелі» сынды халық әндерін ұсынды. Еліміздің ұлттық өнерінАнкарада лайықты таныстыра білген «Әсем әуен» фольклорлық ансамблінің өнерінтүріктің «Бенгү» арнасы тікелей эфирден көрсетіпті.
– 1999 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан фестиваль жоғары деңгейде өтті.Өткен жылы Тұрар Рысқұлов ауданының өнерпаздары барса, биыл Шу ауданы қатысыпотыр. Жергілікті халық бізді жылы қабылдады. Түркияның Нигде қаласындағы Алтайдеген ауылда тұтастай қазақ ұлты тұрады екен. Ондағы қандастарымыз біздіңөнерімізді көру үшін арнайы келгендерін айтып қуантты.
Сонымен қатар Этимесгут мэрі Энвер Демирель келесі жылы Түркияда ӘбдімомынЖелдібаевтың жеке шығармашылығына арналған кеш өткізу туралы ұсынысын білдірді.Сәтін салса, алдағы жылы шулық өнерпаздар тағы да Түркия төрінде өнеркөрсетпек. Жалпы, біздің әншілер үшін 50 мың көрерменнің алдында өнер көрсетуүлкен тәжірибе болды деп ойлаймын. Әуелгіде толқу болды, әрине. Десе де,жерлестеріміз өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. Тіпті фестиваль соңындакөрермендер біздің әншілерді бір сағат бойы сахнадан жібермей қойды, – дейдіаудан әкімінің орынбасары Клара Исаққызы.
Дәстүрлі фестивальдың соңында еліміздің Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы сөзсөйлеп, шулық өнерпаздарға алғысын білдірсе, аудан әкімінің орынбасары КлараҚожағаппанова облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің ризашылығын жеткізіп, мэр ЭнверДемирель мен елші Абзал Сапарбекұлының иығына қазақы дәстүр бойынша шапанжапты. Бұдан кейін біздің өнерпаздар Нигде қаласында да өнер көрсетіп, кешеғана елге оралды. Қазақ елінің мәдениетін Түркия сахнасында танытқан әншілердішулықтар үлкен қошеметпен күтіп алды.





 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз