Бүгін:
kz ru

"МЕРКІ - ҚАСИЕТТІ ӨЛКЕ!" АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Меркі ауданының 90 жылдық мерей тойы қарсаңында ұйымдастырылған облыстық ақындар айтысы өз мәресіне жетті. 
Аталған айтысқа Тараз қаласы мен аудандардан барлығы 20 ақын қатысып, бақтарын сынағаның кеше айтқан болатынбыз. Сондай-ақ, ақындар айтысына Жамбыл атындағы "Руxаният" орталығының меңгерушісі айтыскер ақын А.Өзбеков, облыстық журналист, "Ақ жол" газетінің директор-бас редакторы К.Сәттібайұлы, журналист, облыстық "Арай" жастар газетінің директор-бас редакторы Д.Төленді, ақын, Қазақстан Жазушылар, Журналистер Одағының мүшесі Қ.Асанов, ақын Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Ш.Мамасеріковалар қазылық етті. 
Сонымен дүбірлі доданың қорытындысына келер болсақ, қазылар алқасының ұйғарымымен Жуалылық ақын Қ.Мырзаxан бас жүлде, Т.Рысқұлов ауданының ақыны А.Қылышбек I-орынға иеленді. Ал А.Қасымбекова мен Д.Әбдіманап (Байзақ) жүлделі II-орындарға, Жамбылдық ақын Н.Құрманов пен байзақтық Р.Дөңбай III-орындарды бөлісті. Ынталандыру сыйлығына меркілік ақын М.Жекебаев және тараздық ақындар Е.Досалы мен Д.Апбас лайық деп табылса, қалған 11 ақынға көтермелеу сыйлықтар берілді.


 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз