Тұрғындар арасында өзге ұлттардың көркемөнерін насихаттау тақырыбындағы әлеуметтік жобасы шеңберінде "Өнерге әркімнің-ақ бар таласы!" атты тақырыбта жұлдызбен кездесу іс-шарасы өтті.
Бүгін яғни, 2018 жылдың 6 қыркүйек күні Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Облыстық халық шығармашылығы орталығы" КМКҚ-ның әлеуметтік тапсырысы шеңберінде Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы "Еркін пікір" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Байзақ ауданы Қызыл жұлдыз ауылы Н.Ақшабаев атындағы мектепте "Өнерге әркімнің-ақ бар таласы! " атты тақырыпта жұлдызбен кездесу өткізілді. Жұлдызды қонағымыз Кенен Әірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртісі, Мәдениет саласының үздігі, Халықаралық Республикалық байқаулардың лауреаты Жамбыл облысының мақтанышы Бабақұлов Маралбек Тұрсынбайұлы келіп қатысты. Маралбек Тұрсынбайұлы өзінің қалай өнер жолына келгендігі, өмірбаянымен бөлісіп ой толғады. Жас жеткіншіктерге өнер жолына келетін болса қандай қасиеттерді ұстағандығы дұрыс екендігін түсіндірді. Жастардың көкейінде жүрген біраз сұрақтарға жауап берді. Кездесу барысында Маралбек ағамыз қара домбырамен терме орындап берді, кездесу соңында қонақ кәде ретінде Маралбек ағамыз 2 өлен арнады. Кездесуге 100-ге жуық жастар қатыстырылды.










