Бүгін:
kz ru

"МЕРКІ-ҚАСИЕТТІ ӨЛКЕ!" АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ

Бүгін "Ұлы Жібек Жолы" бойында орналасқан, сан ғасырлық тариx шежіресінен сыр шертетін, ағайынды қос бөрі Сыпатай мен Аңдас батырдың кіндік қаны тамған жер, Рысқұлұлы Тұрардың балалық шағы өткен өлке - Меркі шаһарының төрінде облыстық аламан айтыс басталды. 
Иә рас, қазақтың айтыс өнері ғасырлармен қанаттасып, дәуірлермен үндесіп, заманымен тілдесіп келе жатқан кемелі өнер. 
Осындай ұлттық өнеріміз міне бүгін Меркі төрінде яғни, ауданның құрылғанына 90 жыл толу мерей тойына орай аудан әкімінің қолдауымен аудандық тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастырумен өткізіліп отыр.
Аталған додаға өңіріміздің әр ауданынан 20 айтыскер ақын қатысып, 10 жұпты құрады.
Осынау күміс көмей, жез таңдай, шайыр болаттай қайраулы өткір тілді ақындарымызға сәттілік тілейік құрметті жерлестер....


 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз