Бүгін:
kz ru

ҚР Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай «Ел жүрегі - Астана!» атты мәдениет және өнер күндері Тараз қаласында жалғасты!

ҚР Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай 2018 жылдың
9 тамыз күні Тараз қалалық мәдениет үйінде «Ел жүрегі - Астана!» атты Тараз қаласының мәдениет және өнер күні өтті.
Мәдениет үйінің алдында «Елдігімнің бейнесі - Елорда» атты көрме ұйымдастырылды.
Ықылас Дүкенұлы ескерткішінің маңында түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен қазақ халқының салт-дәстүрі «Тұсаукесер» рәсімі, ұлттық спорттық ойындар (қазақша күрес, арқан тартыс, асық ату т.б) өткізілді. Тұсаукесер рәсімін қаламыздағы белгілі асабалардың бірі бастап, апаларымыз баталарын берді. Мәдениет үйінің сол жақ шетінде сауда-саттық орналасты.
Фойеде Астана қаласына арналған кітап көрмесі қойылды.
ҚР Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай «Ел жүрегі - Астана!» атты Тараз қаласының мәдениет және өнер күніне арналған мерекелік концертте мәдениет үйінің «Жас дәурен», «Rever-dance» үлгілі би ансамблдері, әншілер, А.Орынбасар, «Музарт-life» жобасының финалисті Б.Жорабеков жергілікті сазгер Әуесхан Салабековтың әні «Ана туралы романс» әнін орындаса, «Жасқанат 2018» байқауының лауреаты Н.Ғаниқызы облысымыздың мақтанышы Республикамызға белгілі сазгер А.Қоразбаевтың «Желдірме» әнін халыққа тарту етті. Сонымен қатар «Мәдениет қайраткері» елімізге танымал күйші Ержан Рысметов бастаған күйшілер «Әулиеата» әуендерінен күй тартыс ұйымдастырып келген көрерменнің көңіл-күйін көтерді. Сондай-ақ қаламызға белгілі топтар: «Сарман», «Мәдениет жігіттері», «Назарт» топтары , «Bala-turkvision» байқауының финалистері Ілияс Қорғанбай, Айлун Заушева өз өнерлерін көрсетті.




 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз