Бүгін:
kz ru

«Ел жүрегі-Астана» атты Қордай ауданының мәдениет және өнер күні

Іс-шараға келген қонақтарды Өтеген батырдың тегенесінен дәм ұсынып қарсы алды. Іс-шараға келген көрермендер қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін көрсететін көріністер мен ұлттық ойындарды, мәдениет үйінің алаңынында орналасқан түрлі ұлт өкілдерінің және қолөнер шеберлерінің көрмесін тамашалады. 

    ҚР Елордасы-Астана қаласының 20 жылдығына орай «Ел жүрегі-Астана» атты    концерттік бағдарлама «Орындалған арман» көрінісімен ашылып, «Нұрсұлтан» би ансамблінің «Айшықталған Астана» биіне жалғасты.

      Жүргізушілер концерт барысында Астана - астана болғалы ауыз толтырып айтарлықтай жобалар мен бастамалар туралы көрермендерге мәлімет беріп отырды. Елорданы Аламтыдан Астанаға көшіруі - Елбасының басты саяси қадамы болғандығын атап өтіп, қаншама ой мен қаншама толғаудың жемісі екендігін жеткізді. Осы ойды Қ.Ахметовтің орындауындағы «Елбасы толғауы» күйі тарқатты. 

        Мерекелік іс-шарада тек қана Астана қаласы туралы ғана әндер шырқалған жоқ. Мысалы, бұл бағдарламада А.Қоразбаевтың «Сарыарқа» әні орындалды. Себебі, Астанамыз киелі арқада орналасқан, бой көтерген әлем сүйсінер көз тоймас қала. Осы сынды Астананың атынан шығып елімізді әлемге танытып жүрген спортшыларымыз туралы да келген көрермендерді ақпараттандырды. Олар «Астана» футбол клубы, «Астана» велоклубы, «Астана Арланс» бокс командасы. Осы орайда сахнада елді жігерлендіріп, рухын көтеретін «Қазағым» атты ән орындалды.

       Мәдени іс-шарада жергілікті композитордың әні орындалды, халық арасынан шыққан өнерпаздардың өнері көрсетілді, театрландырылған көрініске арнайы өнер мен мәдениет саласында білімі жоқ жасөспірім балалар мен Мәдениет үйінің қызметкері қатысты.

       Сахнада өтіп жатқан нөмірлерге байланысты LED экраннан бейне көріністер көрсетілді.

       Жалпы өткізілген концерттің басты идеясы - Астана туралы халық қандай жақсы пікірде болса, соны сахнада соны көрсету болды. 




 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз