Бүгін:
kz ru

«Ел жүрегі - Астана!» атты Мойынқұм ауданының мәдениет және өнер күндері

Астана - бүгінде еліміздің мақтанышына, даламыздың көркіне айналып отыр. Астана - біздің келешегімізге қатысты маңызды шешімдер қабылдайтын мемлекетіміздің саяси орталығы ғана емес, ұлттық рухымызды ұйыстырып отырған рухани ордамызға да айналып үлгерді.

Осы тұрғыда үстіміздегі жылдың 6 тамыз күні Еліміздің Елордасы- Астана қаласының 20 жылдығына орай аудандық мәдениет үйінде Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен "Ел жүрегі - Астана" атты мәдениет және өнер күндері болып өтті.

Мерекелік жиынға ҚР мәдениет қайраткері Б.Бекжанов, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, жыршы-термеші Д. Өмірәлиев, режиссер, халықаралық байқаулардың лауреаты С. Дүйсембаев, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасы Ш.Уалиханов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы директорының орынбасары М.Женсикбаева, ҚР мәдениет саласының үздік маман төсбелгісінің иегері, облыстық халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі Э. Дутбаева және аудан әкімінің орынбасары Б. Есеев қатысты.

Қазақи дәстүрге сай мәдениет үйінің алдында киіз үй тігіліп, алтыбақан орнатылды. Келген қонақтар әуелі киіз үйде болып, қазақтың "тұсау кесер" рәсімінің жарқын куәсі болды. Ерекше мерекелік көңіл-күймен безендірілген сахна, көпке көтеріңкі көңіл -күй сыйлағаны анық.

Сондай-ақ мәдениет үйінің фойесінде қолөнершеберлері мен суретшілердің және ауданның жеткен жетістіктері туралы керемет көз тартар көрмелер қойылды. Сахнада LED экраннан ауданның мәдениет және өнердегі жеткен жарқын жетістіктері туралы бейне роликтер менмұндалап, көптің ықыласына бөленді. Мойынқұм халық театрының Елордамыз Астана туралы театрландырылған көрінісі де көптің көзайымына айналды. "Мойынқұм " ән-би ансамблінің күйшілері Дәулеткерейдің "Көроғлы" күйін нақышына келтіре орындаса, ансамбль бишілері "Қазақ" биін мың бұрала биледі. Ауданнын жезтаңдай әншілері А.Жолдасбек, Г. Тәйтімова, М.Жексембек, А. Мамбеталиев, Б.Оңалов, Т. Жексембек, "Мойынқұм" триосы, Ғ. Әлпейісов, Н. Шикетаевтар мерекелік кештің мән-маңызын әсем әндерімен арттырды.

Елордамыз - Астананың 20 жылдығына арналған "Ел жүрегі - Астана" атты мәдениет және өнер күндеріне өз мәресіне жетіп, мерекелік кеш мәдениет үйінің орталық сахнасында жалғасын тапты.








 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз