Бүгін:
kz ru

Жамбыл ауданының мәдениет және өнер күндер

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы оралығының ұйымдастыруымен ҚР Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Ел жүрегі - Астана!» атты Жамбыл ауданының мәдениет және өнер күндері үстіміздегі жылдың 3 тамыз күні Жамбыл аудандық мәдениет үйінде өтті.
Аудандық мәдениет үйінің ауласында киіз үй тігіліп, киіз үй маңында театрландырылған көрініс «Тоқымқағар», қазақтың салт-дәстүрлері, алтыбақан, ұлттық ойындар және спорттық ойындар ойнатылды.
Мәдениет үйінің фойесінде ұлттық ойын тоғызқұмалақ, Астананың 20 жылдығына арналған макеттер, сурет, кітап көрмелері ұйымдастырылды.
Мәдениет үйінде «Ел жүрегі-Астана!» атты Жамбыл ауданы көркемөнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды. Концерт алдында аудан әкімі құттықтау сөз сойлеп, үстіміздегі жылдың маусым-шілде айларында өткізілген «Ел жүрегі - Астана» атты ауылдық округтер арасында мәдениет және өнер күндері фестивалінің қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі отти.
Аудандардың мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, еліміздің тарихын танытатын рухани-танымдық мәні бар мәдени іс-шараға Жамбыл ауданының өнерпаздары «Әдемі-ай» дуэті, «Үміт» квартеті, «Үсібалиевтер» триосы, «Аса сазы» халықтық ән-би ансамблі, «Аса сазы» бишілер тобы, «Дарын» халықтық театры қатысты.










 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз