Бүгін:

Талас ауданының мәдениет және өнер күндері

ҚР Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Ел жүрегі - Астана!» атты Талас ауданының мәдениет және өнер күні ү.ж 2 тамыз күні Талас ауданы Қаратау қаласы Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығында болып өтті. 
Айтулы іс-шара мәдениет орталығының алаңындағы алтыбақан маңында спорттық ойындар, балалардың асық ойынын тамашалаумен бастау алды.
Одан әрі баспалдақпен жоғары көтерілген қонақтарды «Ғасыр ана» халықтық әжелер ансамблі қазақтың ұлттық сусыны қымыз-қымыран, бауырсақ беріп, халық әні «Дедімай -ау» әнімен қарсы алды. 
Мерекелік іс-шарада мәдениет орталығының алдында ауылдық округ тұрғындарының қыз ұзату, беташар, бесікке салу, тұсау кесер сынды салт дәстүрлері көрсетілді. 
Мәдениет орталығының фойесінде қолөнер, бейнелеу өнері шеберлері мен экспонаттар көрмесі мен этно көрме ұсынылды. Сонымен қатар фойеде оркестрдің орындауында күйден шашу шашылды.
Сахнада Астана қаласымен құрдас 20 жастағы қос ғашықтың Астанамен бірге туындаған махаббаттын бейнелейтін театрландырылған көрініс көрсетілді.
Мерекелік концерттік бағдарламада «Шашу» бишілер тобының орындауында «Қазақ» биі, фольклорлық ансамбльдің орындауында «Құрманғазының «Балбырауын» шығармасымен қатар, дәстүрлі әншілерден құралған әншілердің ән шашуы, күй тартыс, әр түрлі жанрдағы әндер, сонымен қатар тақырыпқа сай «Астана» туралы әндер ұсынылды.








 
  

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз