"Руxани жаңғырудың" ауылдық өңірлердегі әсері
Аталған кездесуге облыс көлеміне танымал, белгілі қаламгер, Жамбыл облысының патриоты атағының иегері, Талас ауданының құрметті азаматшасы, Үміт Битенова апайымыз, ауылдық Нұр Отан партиясының төрайымы Сейтқасымова Клара,Қызылқайнар ауылдық округінің қоғамдық торағасы Сқақов Бегалы, ауыл әкімінің орынбасары Аманов Есімжан, әкімшіліктің бас маманы Бөлегенова Айман, "АСЫЛ АРМАН" ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау" ҚБ төрағасы Ринат Нұрақбаев, Облыстық xалық шығармашылығы орталығының қызметкері Мадияр Ералыұлы сынды азаматтар Елбасының "Руxани жаңғыру" бағдарламасының қазіргі таңдағы ел ішіндегі әсері және оның жүзеге асуы бағытындағы тежеліп тұрған мәселелері төңірегінде жиналған ұстаздар мен жастар арасында ой қозғап, әңгіме өрбітті.
Сонымен қатар, Үміт Битенова апайымыз Елбасының бағдарламасының ілгері дамуына жүрегі қазақ деп соққан әр жас Қазақстандық өз үлесін қосуы міндетті екенін де сөзге тиек етіп, жастарды білімге, мәдениеттілікке шақырды.




