«Ауылдық клуб мекемелері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында» облыстық семинар
Рысқұлұлы Тұрардың балалық шағы өткен, ағайынды қос бөрі Сыпатай мен Аңдас батырдың кіндік қаны тамған, орта ғасырдан сыр шертсек "Ұлы Жібек" жолы бойындағы мәдениет пен өркениеттің шаһары болған, тіпті одан әрі қозғасақ ежелгі Ғұн тайпасының бір руының атымен аталатын тариxи өлке Меркі төрінде.
Бүгін яғни, 2018 жылдың 27 шілдесі күні сағат 10.00 де Алатау бөктеріндегі, Ежелгі «Ұлы Жібек» жолы бойындағы үлкен сауда орнына айналған, мәдениет пен өркениеттің ошағы, жерінен бір түп жусаның суырып алсан тарих сөйлеп кететін көне шаһар Меркі төрінде облысымыздың әр өңірінен келген мәдениет үйі мен клуб мекемелерінің қызметкерлері арасында семинар өтті.
Аталған семинар Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Облыстық халық шығармашылығы орталығының жоспарына сәйкес «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы төңірегінде «Ауылдық клуб мекмелері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында» атты тақырыпта ұйымдастырылды.
Семинардың ашылуы барысында алғы сөз Меркі ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы Ж.Жантелиев пен Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының «мәдениет және өнер» бөлімінің бас маманы Ж.Құттыбаеваға берілді. Содан кейін жиын барысы облыстық халық шығармашылығы орталығының білікті мамандары, атап айтқанда орталықтың бөлім басшысы Мөлдір Қыздарбекова «Ауылдық клубтарының заманға сай безендірілуі» тақырыбында ой қозғап шолу (слайд) жасаса, Орталықтың әдіскері Ербол Ағабек «Мәдениет саласы мамандарының халыққа қызмет көрсету деңгейін арттыру». «Ақпараттық орталықтардың мақсаты» атты тақырыпта баяндама (слайд) жасап өзекті мәселелерді талқыға салды.
Сонымен қатар, Сарысу аудандық мәдениет үйінің әдіскері М.Қозыкеева «Ауылдық клубтардың заман талабына сай орталыққа айналдыру» тақырыбында, Меркі аудандық мәдениет үйінің әдіскері Н.Зәуірова «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ауылдық клубтарға әсері, Мойынқұм аудандық мәдениет үйінің әдіскері Г.Тайтимова «Ауылдық елді мекендерде өткізілетін мәдени-көпшілік іс-шаралардың жаңашыл бағыттары», Жуалы аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының әдістемелік бөлімінің меңгерушісі. Г. Досмурзаева «Рухани құндылықтарды жандандыруға арналған жобалар», Жамбыл аудандық мәдениет үйінің әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Н.Исаева сынды қызметкерлер «Мәдени мұра – рухани қазына» атты тақырыпта баяндама жасап, жыл бойы атқарылған жұмыстардың нәтижесіне де арнайы тоқтап шолу (слайд) арқылы талдап өтті.
Бұл жиынның негізгі мақсаты: облысымыздың әр ауданының мәдениет үйлері мен клуб мекемелерінің қызметкерлері, әдіскерлер, жас мамандарының басын бір жерге тоғыстырып, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласының барлық бағыттарын үлкен серпіліспен жүзеге асыруға мәдениет саласындағы қызметкерлерді тарту және заман талабына сай біліктілігін арттыру.
Ал содан кейін осындай білікті мамандар арқылы, ұлттық құндылықтарымызбен төл мәдениетімізді дамыта отырып, еліміздің келешегі, жастарымыздың санасын оятып, оларға ата-бабаларымыздан мирас болып қалған мәдениетімізді, тіліміз бен діңімізді, салт-дәстүрлерімізбен, тарихымызды яғни, рухани бай қазыналарымыздың ғасырдан-ғасырға өтіп ғұмыр сүре беруіне зор сеніммен аманаттап тапсыру. Сонда ғана Қазақ елінің тұғыры мәңгі биік әрі бек сеніммен мәңгі жасамақ.










Комментарии 1