Бүгін:
kz ru

Қазақстан Республикасының Елордасы Астана қаласының 20 жылдығына орай өңіріміздегі мәдениет және өнер күндері Меркі ауданында

Бүгін яғни, 19-шілде күні сағат 18:00-де Қазақстан Республикасының Елордасы Астана қаласының 20 жылдығына орай Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, арxивтер және құжаттама басқармасының бастамасымен ұйымдастырылған «Ел жүрегі - Астана» атты аудандық мәдени іс-шара Меркі ауданынында басталды. Жамбыл облысындағы әр аудандық аймақта өтіп жатқан мәдениет және өнер күндері енді міне Меркі аудандық мәдениет үйінің төрінде.

Иә Астана – тәуелсіздігімізді асқақтатқан еркіндігіміздің мөрі, қазақтың дәстүрі мен жаңашылдықтың үйлесім тапқан ордасы. Осы еңселі биік ордамызға биыл 20 жыл. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Астана әлемдік қауымдастықтың көзқарасыменде егіз ұғымға айналғаны бүкіл жаһандық тұрғыданда белгілі. Осыған орай, Астананың мерейін паш ету мақсатында өңірімізде мерейлі мереке жалғасуда. Бүгінгі Меркі ауданында «Ел жүрегі - Астана» атты мәдени іс-шараға яғни, қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптеген, ұрпақтар сабақтастығын үгіттеген, қазақ елінің рухани қазыналық салтанатын құрған мерекелік кешіне ауданның ақ жаулықты әжелерінен бастап құндақталған баласына дейін ат салысты. Оның дәлелі шара барысында, «Тулақ шашу» дәстүрі көрсетіліп, ұлттық ойындар ойнатылды. «Қозғалыс – денсаулықтың кепілі» деп санайтын ақ жаулықты әжелеріміз «Қара жорға» биін билеп, күй тартысы ұйымдастырылды, қазақ үй тігіліп, алтыбақан орнатылды. Шара барысында орталықтандырылған кітапханалар жүйесі арнайы көрмені жиналған жұртшылық пен аудан қонақтарының назарына ұсынса, аудандық музей ұжымы тарихи шежірелі құндылықтан сыр шертетін бір кездегі "Ұлы Жібек" жолы бойындағы ортағасырлық Меркі шаһарының жәдігерлерін көрсетуі көпшіліктің өткенге деген құрметін арттырды. Сонымен қатар, бұл мерекелік мәдени шарада 23 маусым мен 19 шілде аралығында елді мекендерде өткізілген «Ел жүрегі - Астана» атты мәдениет және өнер күндерінде іріктелген ерекше қойылымдар да жиынның мәнін ашты. Сондай-ақ, бұл күні Меркі ауданының мәдениет саласындағы жетістіктерін бейнелейтін арнайы дайындалған бейне ролик көрсетіліп, «Меркі» халық театры музыкалық хореографиялық композициясын қойды. Астананың 20 жылдығына орай, Меркі ауданында өнердің әрбір жанры көрініс берді. Ән де айтылды, би де биленді, күй тартылып, Астанаға арнау да айтылды. Бүгінгі мәдениет және өнер күндеріне арналған мерекелік концертіміздің қорытынды сөзі Меркі ауданы әкімінің орынбасар Қасым Марат Жарылқасынұлына және Облыстық қазақ драма театрының директоры мәдениет майталманы Болат Бекжановқа берілді.







 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз