Астана қаласының 20 жылдық мерекелік күніне орай Жамбыл облысындағы мәдениет және өнер күндері
Қазақстан Республикасының Президентінің 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 188 өкімімен Қазақстан Республикасының Елордасы Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасы бекітілген болатын.
Мерекелеудің негізгі мақсаты - тәуелсіздіктің, ұлттың рухани жаңғыруының рәмізі ретінде Астананың айрықша мәнін ілгерілету, қазақстандықтардың өз елінің Елордасы үшін мақтаныш сезімін көтеру және оларды республиканың барлық аумағы бойынша мерекелік іс-шараларға тарту болып табылады.
Осыған орай, Еуразия кіндігінен ойып тұрып орын алатын «Ұлы дала» елінің бас шаһары Астана қаласының 20 жылдық мерекесі еліміздің барлық аймақтарында аталып жатқаны баршамызға белгілі. Еліміздің тәуелсіздігінің тұғыры Астана қаласының мерекесін туған өлкеміз Жамбыл облысы да ерекше ілтипатпен атап өтуді жоспарлаған. Осы жоспарға сәйкес жас ұрпақтың бойында егеменді елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілігі мен құрметін нығайту, Елордамыз Астананың қазіргі келбеті мен жетістіктерін айқындайтын ұлттық рухты көтеретін өнер туындыларын таныту, насихаттау мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдығына орай ағымдағы жылдың 19 маусым - 13 шілде күндері облыс аудандарының ауылдық округтерінде мәдениет және өнер күндері өткізілді.
Мәдени іс-шара барысында жиналған жұртшылықтың назарына қолөнер шеберлерінің қолынан жасалған турлі бұйымдары мен ауылдық кітапханалардың Астананың 20 жылдық мерекесіне арналған кітаптар көрмесін ұсынды. Сонымен қатар, ауыл өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасына жиналған тұрғындар өз ауылының талантты тумаларының өнеріне ризашылығын білдіріп, мерекелік мәдени іс-шара ерекше әсер қалдырғанын жасырмады.
Мерекелік мәдени іс-шарада ауыл көркемөнерпаздары түрлі концерттік бағдарламалар ұйымдастырып, алтыбақан құрып, ауыл жастары алтыбақан тепсе, үлкен жеңгелер ауылдың алты ауызын айтып, ұлттық болмыстықтың негізін жаңдандыра түсті. Қазақ халқының салт-дәстүрлері бойынша беташар, бесікке салу, тұсау кесу т.б жөн-жоралғылар көрсетілсе, арқан тарту, асық ойнау, қол күресі т.б ұлттық спорттық ойындар түрлерін көрсетті.
Еңселі Елордамыздың 20 жылдығына арналған Тараз қаласы мен аудандардың мәдениет және өнер күндері аясындағы ауылдық округ күндерінің мерекелік іс- шаралары жиналған көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлап, сондай-ақ, еліміздің ертенгі жас буынының рухани тынысын кеңейтіп, олардың төл мәдениетімізге деген құрметін артыруға өзіндік үлкен серпіліс берді.