"КӨНЕ ТАРАЗ ЖАҢҒЫРЫҒЫ. ЕУРАЗИЯНЫҢ МӘДЕНИ КӨПІРЛЕРІ" АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ ИТАЛИЯ КӨРМЕСІ
Қазақстан мен Италия шеберлерін мәдениет пен өнер арқылы біріктіріп, тығыз ынтымақтастықтың жемісі әрі қолөнер шеберлерінің өткен мен бүгінді жалғастырар сабақтастығы ретінде, Тараз қаласында алғаш рет Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Көне Тараз жаңғырығы. Еуразияның мәдени көпірлері» атты Халықаралық Қазақстан-Италия көрмесі өтті.
Халықаралық көрмеге Италияндық суретшілер: шыны әрлеуші Джордж Спеццамонти, суретші Светлана Коста, Итальяндық суретшілердің Қазақстандағы ресми өкілі Құралай Сқақова және «Асыл-Дизайн» сән үйінің бас дизайнері Айдархан Қалиев қатысты.
Көрме Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Нұржан Сәбитұлының құттықтау сөзімен ашылып, шетелдік қонақтарға қазақы дәстүр бойынша сый-сияпаттар табысталды. Италиядан келген суретші, шыны әрлеуші Джорджио Спеццамонти, суретші Светлана Коста сөз сөйлеп, венеция шынысынан жасалынған «Қызғалдақ» туындысын және С.Коста Астананы бейнелеген картинасын Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне тарту етті.
Көрме барысында жерлесіміз, «Асыл дизайн» сән үйінің бас дизайнері, «Нео-фольклор» стилінің негізін салушы Айдархан Қалиев киім топтамаларынан дефиле көрсетілімін ұсынды.
















