Бүгін:
kz ru

«Арқа төсіндегі арман қала» атты газеттік нұсқадағы ақындар айтысы

2018 жылдың 28 маусым күні  Жамбыл атындағы «Руханият» орталығында  Облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен «Ақ жол» газетінің ұйымдастыруымен  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында  Астананың 20 жылдығына орай «Арқа төсіндегі арман қала» атты газеттік нұсқадағы айтыс ақындарының жаңа жобасының марапаттау рәсімі өтті.

Жоба  2018 жылдың қаңтар айында басталған болатын.

Айтысты үлкен залдан, телеарналардан тамашалау бір басқа да, газеттен оқып, ақындардың қарым-қабілетін байқап, тапқырлығын тану бір бөлек екені белгілі.

Сәулетіне дәулеті сай Астананың бүгінгі ажарын, еліміздің даму жолындағы  ерлігі мен елдігін өлеңмен кестелеуді жөн көрген жоба есімі елге таныс ақындар Ербол Қамбатыров (Талас ауданы), Дархан Әбдіманат, (Байзақ ауданы), Нұрлыбек Құрманов (Жамбыл ауданы), Қанат Мырзахан (Жуалы ауданы), Алик Бекмұсаев (Сарысу ауданы), Райхан Мәселбекова (Тараз қаласы) қатысты.

Жыр додасының қазысы – газет оқырмандары.  Айтыс «Ақ жол»  газетінің 18 санында жарияланды.

Ақындар айтысы 5 маусымда аяқталып, үш жұп айтысының толық нұсқасы «Ақ жол» газетінің сайтында бір сілтемемен салынып, интернет қолданушылар арасында дауыс берілді..

Айтысқа Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты,  жазушы, «Ақ жол» газетінің бас редакторы Көсемәлі Сәттібайұлы,  ақын, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»,  Қызылорда облысы, Сырдария ауданының құрметті азаматы Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі  Қайырбек  Асанов, ақын, Жамбыл атындағы «Руханият» орталығының меңгерушісі  Ахметжан Өзбековтер қазылық етті.

28 маусымында «Арқа төсіндегі арман қала» атты газеттік нұсқадағы ақындар айтысының марапаттау рәсімі өтті. 

Марапаттау рәсімі айтыскер ақын Әсет Дүйсебаевтың арнауымен ашылды. Жиналғандарға Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы      Д. Бықыбаев құттықтау сөзін арнады.

Қатысқан айтыскер ақындар Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс хаты мен  қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.

 







 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз