Бүгін:
kz ru

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай БАҚ өкілдерімен өткен кездесу

Журналист-бұқара халықтың мұңын шағып, жоғын жоқтап қана қоймай, ел жағдайы, экономика, саясат-барлығын дерлік бір мезетте қамтитын жан-жақты тұлға. Қоғамның барлық саласының журналистке жүгінбейтін кезі жоқ. Жаһанда болып жатқан барлық оқиға журналистер жүрегінің сүзгісінен өтеді Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласын бірлесе жүзеге асыру жолында облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен бір идеяның мазмұнында еңбек етіп жатқан облысымыздың бетке ұстар БАҚ өкілдерімен 2018 жылдың 28 маусымында Жамбыл атындағы «Руханият» орталығында Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай кездесу өтті. Іс-шара барысында басқарма басшысы Дүйсенәлі Дыбысалыұлы Бықыбаев облыстағы мәдени жаңалықтарды қаламына тиек еткен, 25 бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін құттықтап Алғыс хат және қаржылай сыйақымен марапаттады.





 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз