Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында «Жан жүрегім - Астана» атты облыстық ән конкурсы
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында «Жан жүрегім - Астана» атты облыстық ән конкурсы 2018 жылдың 27 маусым күні Жамбыл аудандық мәдениет үйінде өтті.
Ән конкурсының басты мақсаты тәуелсіздіктің, ұлттың рухани жаңғыруының басты рәмізі ретінде Астананың айрықша мәнін ілгерілету, қазақстандықтардың өз елінің Елордасы үшін мақтаныш сезімін көтеру және ұлттық рухты көтеретін жалынды патриоттық әндерді кеңінен таныту болатын.
Қазылар алқасының құрамында композитор, ҚР Мәдениет саласының үздігі - Әуезхан Салабеков, әнші- термеші, ҚР Мәдениет саласының үздігі - Маралбек Бабақұлов және Облыстық халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі Элмира Дутбаева болды.
Конкурсқа облыс аудандары мен Тараз қаласынан 17-35 жас аралығындағы барлығы 17 үміткер қатысты.
Байқау екі кезеңде өтті. I-ші кезеңде барлық үміткерлер Астанаға арналып жазылған әндерді орындап, үздік деп танылған 10 үміткер II-ші кезеңде патриоттық тақырыптағы әндерді орындады.
Облыстық ән конкурсында 6 лауреат, 4 дипломант анықталды.
Атап айтқанда, бас жүлде, лауреат атағы - Таласбай Жанболат (Жамбыл ауданы), I орын, лауреат - Омаров Мейіржан (Сарысу ауданы), II орын, лауреат - Рысбеков Мұрат (Қордай ауданы), Асқарәліұлы Айдын (Тараз қаласы), III орын, лауреат - Тәңірберген Сейілғазы (Жамбыл ауданы), Қаттебеков Ерболат (Жуалы ауданы)
Ынталандыру сыйлығы, дипломант - Жексембек Төреби (Мойынқұм ауданы), Мұсаева Мөлдір (Сарысу ауданы), Джуатбекова Сәуле (Қордай ауданы), Бақытұлы Орынбасар (Тараз қаласы).
Алғыс хаттармен Бағысбекова Альбина (Байзақ ауданы), Өксікбай Толғанай (Меркі ауданы), Молдакеев Махмуд (Меркі ауданы), Мамбеталиев Ақжан (Мойынқұм ауданы), Жүнісова Айша (Т.Рысқұлов ауданы), Сейткенов Расул (Шу ауданы), Құтбан Әсел (Шу қаласы) марапатталды.