«Дін – ғылымның анасы» атты республикалық жыр бәйгесі
2018 жылдың 6 маусым күні Жамбыл атындағы «Руханият» орталығында «Дін – ғылымның анасы» атты республикалық жыр бәйгесінің марапаттау рәсімі өтті.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында үстіміздегі жылдың қаңтар айында орталық «һибатулла Тарази» мешіті мен Жамбыл атындағы «Руханият» орталығының ұйымдастыруымен «Дін – ғылымның анасы» атты республикалық жыр бәйгесі жарияланған болатын.
Жыр бәйгесіне барлығы 16 конверт яғни 32 шығарма келіп түсті.
Іс-шараға ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Қайырбек Асанов, ақын Шорабек Айдаров, Тараз Мемлекеттік Университетінің аға оқытушысы, доцент, ф.ғ.к. Сейсекүл Исматовалар қазылық етті. Қазылар алқасы алдын - ала жиналып шығармаларды оқып, талқылап жеңімпаздарын анықтады.
Қазылар алқасының ұйғарымымен І орынға Эльдар Боранбек (Жамбыл облысы, Талас ауданы) лайықты деп танылды, ІІ орынға Мұстафа Машрапов (Тараз қаласы) ие болса, ІІІ орынға Ералы Әблезов (Тараз қаласы) ие болды.
Ынталандыру сыйлықтарымен 3 ақын марапатталды. Олар, Ақаш Көксегенов (Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы), Мұхағали Кенжетаев (Оңтүстік Қазақстан облысы), Жалғас Оразбек (Жамбыл облысы).
Іс-шараға республикалық «Қазақ әдебиеті» газеті, республикалық «Асыл арна», облыстық «Jambyl» телеарналары, облыстық «Ақжол» гәзеті ақпараттық қолдау көрсетті.