Бүгін:
kz ru

Қазақстан Республикасының Халық артисі, әнші-композитор Алтынбек Қоразбаевтың «Ән- жырым саған, туған ел!» атты ән кеші

2018 жылдың 29 мамырында Тараз қаласында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің кавалері, әнші- композитор- Алтынбек Қоразбаевтың «Ән- жырым саған, туған ел!» атты ән кеші өтті.

Алтынбек Қоразбаев 50-ден астам ән, бірнеше күй мен 2 драмалық спектакль музыкасының авторы.

«Шашбаулым», «Сырғалым», «Аяулы Таразым», «Кенен ата», «Қара кемпір», «Қара шал», «Бозторғай», «Әгугәй, домбыра», «Сағындым Кенен атамды», «Ақмоншақты ауылым», «Үшқоңыр», «Сарыарқа», «Елге сәлем» «Сағыныш сазы», «Сағындырған жиырма бес», «Өз елім», Әгугай домбыра» және Алматы қаласының әнұранына айналған «Сағындым Алматымды» сынды танымал әндері мен күйлері көпұлтты республикамыздың сахнасында үзбей орындалып келеді.

Іс-шараның мақсаты-Қазақстан Республикасының Халық әртісі А.Қоразбаевтың музыкалық мәдениеті мен өнерін насихаттау және жастардың рухани, зияткерлік және мәдени әлеуетін арттыру.

Ән кеші сазгердің қос шәкірті Тоқтар Серіков пен Мейрамбек Беспаевтың орындауындағы «Айхай-25» әнімен ашылып, артынша Алтынбек Қоразбаев сахна төріне шығып, А.Беляевтың дирижерлық етуімен Алматы қаласы әкімдігінің эстрадалық- симфониялық оркестрінің сүйемелденуіндегі «Елге Сәлем» әнімен қалың жұртпен амандасты.

Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың иегері Мақпал Жүнісова сазгердің «Анадан асыл барма екен?», қазақ өнерінің жарық жұлдыздары «МузАрт» триосы «Үш қоңыр», «Сағындым Алматымды» әндерін қалың көпшілікке тарту етті. Сонымен қатар, ән кешінде қазіргі таңдағы Жұбаныш Жексенұлы, Тоқтар мен Бейбіт, Саят Медеуов, Алма Аманжолова, Жанболат пен Жазира, «Меломен» тобы, Нұрболат Абдуллин, Ернар Айдар және Сая Махамбет сынды танымал әншілер өнер көрсетті. Кеш Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, әнші Бағдат Самединованың орындауындағы Ж.Молдағалиевтің сөзіне жазылған «Қазақстан» әнімен аяқталды. Кеш сонында Жамбыл облысы әкімі А.Мырзахметов сахна төрінде сөз сөйлеп, халық әншісі Алтынбек Қоразбаевтың 70 жылдық мерейлі кешімен құтықтап автокөліктін кілтін тапсырды.

 Сондай-ақ, ән-кешінен түскен қаржыға Тараз қаласының № 30 мектеп- гимназиясынан ашылатын IT сыныпқа Алтынбек Қоразбаевтың арнайы 1 700 000 теңгені құрайтын сертификат табысталды.






 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз