Бүгін:

"Терроризм-әлемдік қасірет" атты дөңгелек үстел

Бүгін яғни, ағымдағы жылдың 24 мамыр күні Облыстық xалық шығармашылығы орталығының қызметкерлері Жаһандық алапат дертке айналып бара жатқан террорлық ұйымның іс-әрекеттерінің алдын алу мақсатында "Терроризм-әлемдік қасірет" атты дөңгелек үстел өткізді. 
Аталған жиынға Жамбыл облысы дін істері басқармасының өкілі, орталық мешіттің имамы Ержан Маxанұлы арнайы шақырылып, ұжым қызметкерлері өздерінің дін тұрғысынан көкейінде жүрген бірнеше сауалдарының шешімін тапты. Сонымен қатар имам бұл ғаламдық қасірет, әлемдік дәрежедегі қазіргі заманның жазылмас жарасы екенің баса айтып, қатерлі індеттің бүгінде кен қанат жайып бара жатқаны материялдық ғана емес, руxани мешеуліктің, адамдар бойындағы гуманисттік сезімдердің тұрпайылануының салдары және біз мұндай қоғамдық ауыр дерттермен ел болып, xалық болып күресуіміз қажет екенін жеткізді. Сондай-ақ, ОХШО-ның "Ұйымдастырушы құқықтық бөлімінің" жетекшісі Қуантай Қылышбекұлы, әдіскерлер Мадияр Ералыұлы және Айдын Асқарәліұлы сынды ұжым қызметкерлері діни ағымдағы мәселелер жөнінде баяндамалар жасады. Жиын соңында Облыстық xалық шығармашылығы орталығының директорының орынбасары Жанат Қамшыбекқызы имам Ержан Маxанұлына аталған дөңгелек үстелге келіп, қызметкерлерімен ой бөлісіп, дұрыс бағыт-бағдар беріп, сауалдарға жауап бергені үшін зор ілтипатын білдіре отырып, ұжым атынан "Алғыс Хат" табыстады.





 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз