Бүгін:
kz ru

21 – мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне арналған «Спорт-денсаулық кепілі!» атты мәдениет қызметкерлері арасында дәстүрлі түрде кіші футболдан өткен жарыс

Бүгін яғни, 2018 жылдың 12 мамыр күні Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне арналған мәдениет басқармасының ауыспалы кубогі төңірегінде «Спорт-денсаулық кепілі!» атты мәдениет қызметкерлері арасында дәстүрлі түрде кіші футболдан өткен турнир өз мәресіне жетті. Бұл турнирге Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты облыстық мекемелер арасынан 8 команда қатысты. Басқармаға қарасты әр команда өз мекемесінің атынан аталған трунирге қатысты. Турнирдің ашылу барысында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Дыбысалыұлы Бықыбаев сөз алып мәдениет қызметкерлерінің салауатты өмір салтын ұстануға шақыра отырып, спорт әрбір адамның денсаулығының мықты болуына бастама болатын басты құрал екенін сөзге тиек етті. Сондай-ақ, мәдениет саласының қызметкерлерін дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға жұмылдыру, яғни, адам денсаулығын нығайту мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға өнер адамдарын етене араластыру бүгінгі таңда өте қажет екенін алға тартты. Сөз соңында мәдениет қызметкерлерінің алдағы келе жатқан мерекесімен құтықтап, өнер саласының қызметкерлерінен құралған жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

 «Спорт-денсаулық кепілі!» атты мәдениет қызметкерлері арасында дәстүрлі түрде кіші футболдан өткен турнирдің қорытындысына келер болсақ, жалпы турнирге қатысқан 8 мекеме яғни, «Жамбыл облыстық қазақ драма театры», «Жамбыл облыстық филармониясы», «Облыстық халық шығармашылығы орталығы», "Облыстық тариxи-мәдени ескерткішті қорғау дирекциясы", "Облыстық кино орталығы", "Ш.Уәлиxанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапxанасы", "Облыстық тариxи өлкетану музейі", «Тараз қалалық мәдениет үйі» сынды мекемелер қатысты. Ойын барысында жартылай финалға өткен төрт команда Облыстық халық шығармашылығы орталығы, Облыстық тарихи өлкетану музейі, Облыстық қазақ драма театры, Тараз қалалық мәдениет үйі шықты.  Облыстық халық шығармашылығы орталығы Облыстық тарихи-өлкетану музейінің командасын 3:0 есебімен жеңіп финалға шықса, Тараз қалалық мәдениет үйінің жігіттері мен Жамбыл облыстық қазақ драма театрының командалары тең ойнап ойын соңында пенальти теуіп 5:4 есебімен Тараз қалалық мәдениет үйі өтті. Ал финалда Облыстық халық шығармашылығы орталығының командасы 4:1 есебімен Тараз қалалық мәдениет үйінің командасын жеңіп облыстық мәдениет басқармасының ауыспалы кубыгінің жеңімпазы болып таңылды. Сонымен I орынды "Облыстық xалық шығармашылығы орталығының" жігіттері қанжығасына байласа, II орынды Тараз қалалық мәдениет үйі иеленсе, III орын Жамбыл облыстық қазақ драма театрының жігіттеріне бұйырды. Бұл үш орынды иеленген командалар бағалы жүлделі сыйлықтарға ие болды. Жарысқа қатысқан қалған мекемелерге Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Дүйсенәлі Дыбысалыұлы Бықыбаевтын атынан, басқарма басшысының орынбасары Зубайра Жарқынова "Алғыс Хат" табыстады. Ал жарыстың ең үздік шабуылшысы Облыстық xалық шығармашылығы орталығының әдіскері Қойшыманов Саят танылса, ең үздік ойыншы атағына Облыстық тариxи өлкетану музейінің қызметкері әрі ардагер ағамыз Әзімбек Тілешов лайық деп танылды.




 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз