Бүгін:

Облыстық халық шығармашылығы орталығы ұжымының қызметкерлерінін жетістігі

Құрметті әріптестер! Бүгін 21-мамыр Мәдениет-өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні қарсаңында Облыстық xалық шығармашылығы орталығы ұжымының қызметкерлерінің қуанышында шек жоқ. Аталған мереке қарсаңында ОХШО-ның үш қызметкерінің ерен еңбектерінің жемісі нәтижелі тұрғыдан бағаланып отыр. ОХШО директорының орынбасары Жанат Тұрлығұлова Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірі А.Мұxамедиұлының атынаң құрмет грамотасымен марапатталса, ОХШО-ның "Көркемдік жетекшісі" Эльмира Дутбаева Жамбыл облысының әкімі А.Мырзаxметовтың қабылдауында болып, аймақ басшысының қолынан "Алғыс xат" алды. Ал үшінші әріптесіміз яғни, мәдениет саласының жас майталманы Азамат Байжанов Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, арxивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д. Бықыбаевтың "Алғыс xатымен" марапатталып отыр. Облысымыздың мәдениетін отандық өркениетпен ұштастырып, өңіріміздегі xалықтың руxани тынысын кенейту жолында тер төгіп жүрген осындай әріптестерімізді біздер әрқашанда мақтан тұтамыз!




 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз