21 мамыр Мәдениет-өнер қызметкерлерінің мерекелік күні
Бүгін яғни, Елбасы Н.Назарбаевтың 2013 жылғы жарлығына сәйкес 21 мамыр Мәдениет-өнер қызметкерлерінің мерекелік күні болып бекітілген айтулы кәсіби мерекені Жамбыл облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы биыл бесінші мәрте облыстың мәдениет және өнер қызметкерлері арасында мәдениет пен өнердің қара шаңырағы Облыстық қазақ драма театрының кіші залында салтанатты түрде атап өтті.
Бұл іс- шара– шығармашылық адамдарына деген айрықша құрметтің көрінісі. Мәдениет саласының қызметкерлері - айналасын думанға бөлей білетін сан қырлы талант иесі және жан дүниесі бай, нағыз өз ісінің майталман шебері ретінде өнерге берілген азаматтар.
Мерекені өткізудің басты мақсаты басты мақсаты - салтанатты шара өткізу арқылы мәдениет және өнер қызметкерлерінің мерейін асқақтату, рухани-мәдени, жасампаздық мүмкіндіктерін әрі қарай нығайту жолындағы толағай еңбектеріне құрмет көрсету.
Мерекелік салтанатты шараға өнерлерімен елдің рухын көтеріп, халқымыздың мәдени талғамы мен танымын қалыптастырып жүрген жандардың төл мерекесіне өңіріміздің мәдениет қызметкерлері мен осы саланың ардагерлері қатысты.
Бағдарламаның ашылуы мәдениет пен өнер саласында шырағы жанып, артында өзіндік із қалдырып, өмірден өткен өнер майталмандарына арналған (20 актердың жүрек тәріздес шырақ алып шығуымен) «Өнер жүрегі» атты театрландырылған көрініспен басталды.
Облыстық мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Бықыбаев құттықтау сөз сөйлеп, облыстың 32 мәдениет пен өнер қызметкерлеріне ақшалай сыйлықтар мен алғыс хаттарды табыстады.
«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одақ» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы атынан төрайымы Алшынбаева Жанна Тұрарқызы аудан, қала мекемелерінің 5 қызметкерін марапаттады.
«Алтын діңгек» облыстық үздік бейнероликтер конкурсының қорытындысы бойынша жеңімпаздар заттай және ақшалай сыйлықтармен марапатталып, артынан үздік бейнероликтер тамашаланды.
Кеш соңы Қ.Байсейтов пен Қ.Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай!» комедиясын тамашалаумен аяқталды.
Іс- шараға Мәдениет және өнер қызметкерлері мен ардагерлері, мәдениет және өнер қайраткерлері, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.

Комментарии 1