Бүгін:
kz ru

Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына» фестивалі

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Баласағұн» ОКЗ- да мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлері арасында республикалық «Рухани қазына» фестивалінің облыстық кезеңі өтті.

Фестивальдің идеясы өзара тәжірибе алмасу, қазақстандық патриотизм мен ұлттық мәдени бірлікті дамыту аясында  ұлттық мәдениетті насихаттау, мәдениет қызметкерлерінің кәсіби шеберліктерін арттыру.

Фестиваль талаптары бойынша облыстық, аудандық, ауылдық маңызы бар үздік кітапхана, музей, клубтар мен мәдениет үйлерін және олардың үздік қызметкерлерін іріктеп, Астана қаласында өтетін республикалық фестивальге ұсыну болатын. Осыған дейін облыста ауылдық, аудандық кезеңдері өтіп, бүгін міне, облыстық кезеңі де мәресіне жетті.

Облыстық фестиваль барысында қолөнершілер мен қылқалам шеберлерінің туындылары, кітап көрмесі, музейдің тарихи жәдігерлері, «Халықтық» театр ұжымдарының, қылқалам шеберлерінің, би ұжымдары, фольклорлық ансамбльдермен және айтыс ақындарының қатысуымен шеберлік сабақтары өткізілді. Облыстық филармониясы және Байзақ, Шу, Сарысу аудандары өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Фестивальдің салтанатты ашылуы облыстық филармониясының «Ақкербез» би ансамблінің «Шаттық» биімен басталып, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев құттықтау сөз сойледі.

Ережеде көрсетілген номинациялар бойынша үздік деп танылған облыстың мәдениет ұйымдары мен қызметкерлеріне Астан қаласында өтетін республикалық «Рухани қазына» Мәдениет және өнер қызметкерлері форумының қорытынды кезеңіне жолдама алды.Фестиваль қорытындысы бойынша қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.





 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз