Шона Смаханұлы атындағы облыстық «Күлеміз бе?» әзіл-сықақ байқауы
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығы Республикаға, облысқа белгілі сатира саңлағы Шона Смаханұлының шығармашылығын кеңінен насихаттау, облысымыздағы «Халықтық» театрларының, драма үйірмелеріне қатысушылардың орындаушылық шеберліктерін арттыру, шығармашылық тәжірибе алмасу мақсатында 2018 жылдың 3 сәуір күні Облыстық қазақ драма театрында Шона Смаханұлы атындағы облыстық «Күлеміз бе?» әзіл-сықақ байқауы өткізілді. Іс- шараға зиялы қауым, жоғарғы және арнаулы орта білім ошақтарының ұстаздары мен білімгерлері, облыс аудандары мәдениет мекемелерінің ұжымдары, жалпы өнерге қызығушы қауым қатысты.
Байқауды «Әзіл әлемі» театрының белгілі әртісі жерлесіміз Аманғали Сыпабеков жүргізіп, облыс аудандарынан барлығы 14 ұжым қатысты.
Байқауда Ш.Смаханұлының танымал шығармалары «Өліп-тірілген», «Соқыршектегі волга», «Дүние қоңыздың арманы», «Әженің әлдиі», «Шалдан шыққан шатақ», «Түлкі тәрбиеші» тағы да, көптеген интермедия, скетч, этюд, ирониялары орындалып көрермен қуанышына айналды. Байқау талабына сәйкес екінші орындайтын шығармалары еркін тақырып болатын.
Байқаудың екінші талабы бойынша еркін тақырыпта қатысушылар пародиялар және Қазақстанның танымал әзіл-сықақ театрларының репертуарларынан үзінділер келтіріп, түрлі қысқа әзіл-оспақтар көрсетті.
Байқаудың қорытындысы бойынша:
Бас жүлде- Талас ауданы
І орын- Тараз мемлекеттік педогогикалық университеті
ІІ орын- Жуалы ауданы
ІІІ орын- Шу ауданы
Номинация бойынша:
«Көрермен көзайымы»- Қордай ауданы
«Ең үздік ансамбль»- М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Байқауға белсене қатысқандары үшін алғыс хатпен: Шу қаласы, Сарысу ауданының Саудакент ауылы, Жаңатас қаласы, Жамбыл, Байзақ, Мойынқұм, Т.Рысқұлов аудандары және Шона Смаханұлының бауырлары атынан дайындалған «Арнайы» сыйлықпен Меркі ауданы марапатталды.