Бүгін:
kz ru

«Өлең мен әуен әлемі» атты жергілікті ақындар мен композиторлардың шығармашылық кеші

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен жергілікті ақын-сазгерлерді қолдап, шығармашылығын шыңдау мақсатында 2018 жылдың 15 наурыз күні Тараз қалалық мәдениет үйінде «Өлең мен әуен әлемі» атты жергілікті ақындармен композиторлардың шығармашылық кеші ұйымдастырылып өтті.

         Кешті  Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары З.Сембина ашып, қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. 

Жергілікті ақындарымыз Қасқырбай Нарбатыр (Байзақ ауданы), Болатбек Әбішев (Мойынқұм ауданы), Пәрімбек Бейсенұлы (Талас ауданы), Айтмұханбет Исақов (Жамбыл ауданы), Талап Байжиенов (Талас ауданы), Асқарәлі Жылқыбаев (Талас ауданы), Азат Абықаев (Қордай ауданы), Жаннар Молдабеков (Талас ауданы), Есет Досалы ( Тараз қаласы), Ерлан Бүрібаев (Қордай ауданы), Нұрдәулет Исатаев (Меркі ауданы), Сағи Мұздыбай (Жамбыл ауданы), Ақнұр Қойшыман (Тараз қаласы), Елдар Боранбек (Тараз қаласы), Мырзахан Ахмет (Жуалы ауданы) сахнада өз өлеңдерін ұсынды. 

         Кеш барысында жергілікті жас ақындардың сөздеріне жазылған әндерді әншілер Әділет Әбдікерімов, Бектұр Оңалов, Хамида Бейсенова, Жанерке Ерғара, Талап Байжиенов, Асқарәлі Жылқыбаев, Мұрат Рыспеков, Жаннар Молдабеков, Рәзия Мәдіханова, Арман Елібаев, Нұрғиса Асанов, Сейілғазы Тәңірберген, Ақнұр Қойшыман, Бауыржан Ізтілеуов, Мәлік Мықтыбеков, Айбар Сәбит, Тимур Сағымбеков сынды өнерпаздар нақышына келтіре орындап, көрермендердің ыстық ықыласына ие болды.

Кеш қонақтары ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайырбек Асанов, ақын, композитор Үміт Битенова, айтыскер ақын Ербол Қамбытыров және зиялы қауым өкілдері.

          Кеш соңында барлық қатысушы жергілікті ақындар мен әншілерге Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы тарапынан алғыс хаттар табыс етілді.






 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз