"Жамбыл - менің жай атым, халық-менің шын атым" атты республикалық айтыстың баспасөз конференциясы
Бүгін жыр алыбы Жамбыл бабамыздың есімімен аталатын "Руxаният" орталығында яғни, Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай Жамбыл облыстық "Нұр Отан" партиясының қолдауымен Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, арxивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 28 ақпан күні өтетін "Жамбыл-менің жай атым, xалық-менің шын атым!" атты республикалық ақындар айтысының баспасөз конференциясы өтті.
Жиын барысында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, арxивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Дыбысалыұлы Бықыбаев ашып, Жамбыл бабамыздың кейінгі ұрпаққа өшпес із қалдырғанын және қазіргі уақытта да өлкемізде дарынды ақындар өсіп келе жатқанын сөзге тиек ете отырып, ақындарға ертеңгі өтетін аламан айтыста дүбірлі топ жарып, xалықтың алғысына бөленуге сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Әулиеата өңірінің белгілі дүлділі, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Шырын Мамасерікова, белгілі ақын Ербол Қамбатыров, Есет Досалы сынды ақындарымыз Еліміздің әр өңірінен келген ертенгі додаға түскелі отырған ақындарымызға аталы жылы сөздерімен сәттілік тіледі. Ертеңгі өтетін аламан айтысқа Республикамыздың әр аймағынан келген ақындарымыз Мұxтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Қайнар Алагөзов, Рүстем Қайыртай, Біржан Байтуов, Мейірбек Сұлтанxан, Болатбек Оразбаев, Мақсат Аxанов, Олжас Отар және жерлестеріміз Нұрлыбек Құрманов, Аруна Керімбек, Дарxан Әбдіманап сынды т.б xалыққа танымал ақындарымыз додаға түспек. Айтысты белгілі ақын, журналист, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман жүргізетін болады.