Бүгін:

Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы

2018 жылдың 16 ақпан күні Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Облыстық қазақ драма театрында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты мекемелер арасында Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Өнер сайысына Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты 12 мекемеден екі қызметкерден, барлығы 25 үміткер қатысты.

Іс-шараның ашылу салтанатында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысы Д.Бықыбаев құттықтау сөз сөйледі.

         Қазылық жасаған ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері –           Қ.Асанов, Қ.Р Мәдениет қайраткері, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті мәдениет және өнер кафедрасының меңгерушісі– А.Кабиева, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті филология ғылымдарының кандидаты, доцент –С.Исматова.

Мәнерлеп оқу сайысының қорытындысы бойынша:

Бас жүлде- Санатбаева Асыл (Облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы)

І орын- Мелдеева Мереке ( Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы), Асқарәлі Айдын (Облыстық халық шығармашылығы

орталығы)

ІІ орын- Болысбек Қайрат (Облыстық Филормония), Махиня Оля (Орыс драма театры)

ІІІ орын-  Ботбайбек Санжар, Айнабекова Азиза (Орыс драма театры), Мырзатаева Балжан (Ш. Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы), Альмира Талғатқызы (Облыстық қазақ драма театры)

Ынталандыру дипломдары- Миршарипова Шаира (Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы),

Елемесова Ақнұр (Облыстық қазақ драма театры), Қарабаева Жазира (Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы), Зейноллаұлы Сағындық (Облыстық архив) марапатталды.

 Қалған қатысушыларға  алғыс хаттар тапсырылды





 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз