«Мәдени-тынығу жұмысын жетілдірудің заманауи үрдістері» бағдарламасы аясында шеберлік сынып
Өнер және мәдени қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жетілдіру, шығармашылық тәжірибе алмасу, біліктілігін жоғарылату мақсатында 2017 жылдың 21-23 ақпан күндері Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Мәдени-тынығу жұмысын жетілдірудің заманауи үрдістері» бағдарламасы аясында шеберлік сыныптары өткізілді. Баспасөз конференцияда Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Бықыбаев пен Н.Камалова іс-шараның мақсатына тоқтала өтті.
Шеберлік сыныпқа аудандық, қалалық мәдениет үйінің әдіскерлері мен халық театрлары режиссерлары қатысты.
Бағдарлама бойынша секциялық жұмыстар Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Облыстық филармониясында өтті. Лектор ретінде білікті мәдениет мамандары шақырылды.
Олар:
- Мұхтар Әуезов атындағы «Мәдени – тынығу және әлеуметтік қызмет» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері - Камалова Нәсіпханым.
- М.Әуезов атындағы «Мәдени – тынығу және әлеуметтік қызмет» кафедрасының аға оқытушысы, режиссер, сценарист - Жұмабай Ләйлә.
- М.Әуезов атындағы «Мәдени – тынығу және әлеуметтік қызмет» кафедрасының аға оқытушысы, «Format E» мәдени даму оқу-әдістемелік орталығының директоры, театр педагогі - Ауесбаев Ерлан.
Семинар соңында қатысушыларға арнайы «Format E» мәдени даму оқу-әдістемелік орталығының сертификаты тапсырылды.
Көне Тараздың тарихи және көрнекті орындарына саяхат ұйымдастырылды.