Бүгін:
kz ru

«БІР ОТАН! БІР ТАҒДЫР! БІР ЕЛБАСЫ!» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

Үстіміздегі жылдың 29-қарашасында «Баласағұн» ОКЗ-да Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығы мен облыстық филармонияның ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» атты облыс өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасы өтті.
 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнін мерекелеу. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын ілгерілету мақсатында игі шара арқылы облыс өнерпаздарының қанатына серпіліс беріп, өнерін облыс жұртшылығына кеңінен насихаттау, таныту мақсатында өткен шараға облыс жұртшылығы арнайы келіп, өнерпаздарға қошемет көрсетті.
 Концерт 15 минуттық Елбасы туралы деректі фильммен басталып, «Әдемі ау» халықтық би ансамблінің «Әдемі-ау» биімен, Елбасының сүйіп орындайтын қазақ әндерінің ән-шашуымен жалғасын тапты. Сондай-ақ бағдарламада «Алатау» фольклорлық ансамблі, «Меркі әуендері» фольклорлық этнографиялық тобы, «Ақкербез» би ансамблі, «Балауса» балдық би тобы және Қазақстанның Мәдениет қайраткері Анна Вундер, ҚР Мәдениет саласының үздігі Оңал Азаматова, Мадина Сағынбекова, Асель Уашева, Шу ауданынан Айгүл Махашева, Мадияр Шалабаев, Ербосын Қасымбеков сынды тағы да басқа өнер шеберлерінің әндері мен шығармалары орындалды.
 Орталық концерт залының фойесінде «Ұлы даланың ұлы перзенті» атты Елбасының еңбектері мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы қалам қозғаған белгілі авторлардың кітаптары, облыстық кітапханалардың кітап қорындағы 1000 данаға жуық басылымдармен қамтылған экспозиция қонақтардың назарына ұсынылды. Мұнымен қоса «Тәуелсіздік туы астында» атты кітап инсталляциясы және «Елбасы. Ел бірлігі. Ел сенімі», «Ұлт мақтанышы – Елбасы», «Ерен Елбасы – кемел көшбасшысы», «Ел тірегі – Елбасы», «Елбасы әлемі: Тұлға. Саясаткер. Жасампаз», «Елбасы: «Нұрлы жол», «Мәңгілік ел», «Елбасы – ел мақтанышы, ел тірегі» атты тараулардан тұратын кітап көрмесі жасақталды. Сондай-ақ, көрермендер Елбасының тағылымды ғұмырын әспеттейтін «Өмір өткелдері», «Суреттер сыр шертеді» тақырыбындағы фотокөрмені тамашалады.
 Мерекелік шара жоғары дәрежеде өтіп, халық таланты мен талабы зор өнерпаздарға ыстық ықыластарын білдірді.



 
 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз