Бүгін:
kz ru

Талас ауданында «Ry’hani’ jan’g’yry’: ma’deni’et ja’ne o’ner» тақырыбында облыстық семинар өтті

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ағымдағы жылдың 21 қараша күні Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Талас ауданы Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығында «Ryhani’ jan’g’yry’: ma’deni’et ja’ne o’ner» тақырыбында облыстық семинар өтті.

           Семинарды Талас ауданы әкімінің орынбасары Садубаев Қадірбек Рысқұлбекұлы ашып беріп, ұйымдастырушыларға сәттілік тіледі. Алғы сөзді Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «мәдениет және өнер» бөлімінің басшысы Асхат Тажаяқов жалғады.

           Семинарда облыстық халық шығармашылығы орталығының білікті мамандары, атап айтқанда ОХШО директорының орынбасары Жанат Тұрлығұлова «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша ақпарат»  тақырыбында, ОХШО бөлім басшысы Мөлдір Қыздарбекова «Клуб жұмыстарының маңыздылығы» тақырыбында, ОХШО көркемдік жетекшісі Эльмира Дутбаева «Мәдени мұра – рухани қазына» тақырыбында, Меркі аудандық мәдениет үйінің әдіскері Н.Исатаев «Клуб жұмысын заман талабына сай ұйымдастыру» тақырыбында, Сарысу аудандық мәдениет үйінің әдіскері М.Қозыкеева «Клуб мекемелерінің құжаттарын модернизациялау, интернет-ақпарат таратудың жаңа жүйесі» тақырыбында, Талас ауданы Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығының әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Ж.Мырзамбетова «Заманауи әдістемелер мен сахналық технологияларды тиімді пайдалану» тақырыптарында баяндамалар оқыды.

           Талас ауданының мәдениет мамандары тәжірибе ретінде шараға қатысушыларға Қуыршақ театрының балаларға арналған «Қызықты әлем» атты мультимедиялық ертегісін және  белгілі сазгер Әуезхан Салабековтың шығармашылығына арналған «Бенефис-шоу» ұсынды. Түстен кейін  мамандар бір-бірімен мәдениет саласы бойынша түрлі пікірлер мен тәжірибе алмасты.

           Сондай-ақ, облыстық халық шығармашылығы орталығының ақпараттық әдістемелік жұмыстар және мониторинг бөлімінің әдіскері Ербол Ағабек «Ақпарат және ақпараттық мәдениет» тақырыбында, орталықтың бағдарламашысы Қайсар Тұрсынбаев «Заманауи бағдарламалар мен құрылғылармен танысу және пайдалану» тақырыбы бойынша шеберлік сыныбын өткізді.

          Ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарда өтетін мәдени іс – шараларды ұйымдастыру үрдісінің жаңашыл бағыттары мен оларды жүзеге асырудың тиімді жолдарын үйрету, әдіскерлердің кәсіби біліктілігін жетілдіру,          мәдени – көпшілік шараларына жаңа әдіс, тәсілдер мен сахналық технология құралдарын тиімді пайдалану, мәдени жобалардың ақпараттандыру стратегиясын ілгерлету мақсатында өткізілген семинарға облыстық халық шығармашылығы орталығының мамандары, аудандық мәдениет үйлерінің әдіскерлеріТалас ауданы ауылдық мәдениет үйлері мен клубтардың қызметкерлері мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Семинар соңында мәдениет саласының мамандары шара жөніндегі ой-пікірлерін ортаға салып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.















 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз