Бүгін:

«Рухыңды ұлықта» акциясы табысты өтті

2017 жылдың 7-13 қараша күндері Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасы мен жастар саясаты мәселелері басқармасының бірлесе ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында «Рухыңды ұлықта» атты акциясы өтті.

Облыс орталығынан салтанатты түрде, арнайы автобуспен аттанған акцияның спикерлері барлық 10 ауданға жеке-жеке аялдады. Жамбыл атындағы «Руханият» орталығының меңгерушісі Ахметжан Өзбековтың модераторлығымен өткен мазмұнды шараға Жамбыл атындағы «Руханият» орталығының экскурсоводы Айніл Əбуəлі, облыстық кино орталығы директорының міндетін атқарушы Сайлаубек Лесбаев, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті филология факультетінің ұстазы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сейсекүл Исматова, жас ақын Арайлы Жақсылық, Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар ресурстық орталығының» бөлім басшысы Арайлым Абдуалиева баяндама оқып, ауыл тұрғындары мен жастарға Елбасы мақаласы мен қозғалған мəселелер, ұлттық құндылықтар, «100 жаңа есім» жобасы жайында мол мағлұмат, терең түсініктеме берді.

Акцияны өткізуші құрам облысымыздағы барлық аудандарда болып, шараға тұрғындар мен жастар белсене қатысты. Облыс жұртшылығының санасына ел мүддесі мен елбасы мақаласының мән-маңызын ұғындыру бағытында өткен акцияның әр аудандағы  шарасы Ескендір Хасанғалиевтің бойға рух беретін  танымал "Атамекен" əнімен қорытындыланып отырды.

Нәтижесінде, шара барысында айтылған тағылымды ойлар мен мағыналы әңгімеден үлкен әсер алған көрермен қауым акцияны ұйымдастырушылар мен спикерлерге алғыстарын айтты. Көпшілік осындай астарлы әрі жастарға мол мағлұмат беретін мазмұнды шаралар көбірек өткізілсе деген тілектерін білдірді.





 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз