"РУХЫҢДЫ ҰЛЫҚТА" АКЦИЯСЫ САРЫСУ АУДАНЫНДА
Мемлекет басшысының "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында апта басында Тараз қаласынан аудандарға арнайы аттанған "Рухыңды ұлықта" акциясы бүгін Сарысу ауданына жетті. Жамбыл облысы əкімдігінің мəдениет,архивтер жəне құжаттама басқармасы мен жастар саясаты мəселелері басқармасы бірлесе ұйымдастырған акция халқымыздың ұлттық дəстүрі мен өткенін, тарихы мен əдебиеті бір жыл бұрын ғана өз есігін халыққа айқара ашқан облыс орталығындағы Жамбыл атындағы "Руханият" орталығын жұртшылыққа етене таныстыру бағытында өтті. Шараға меркілік жастар мен ауыл тұрғындары белсене қатысты. Акцияда 100 жаңа есім, салт-дəстүр, жастар тəрбиесі сынды өзекті мəселелер кеңінен қозғалып, аталған тақырыптарда бейнероликтер халық назарына ұсынылды.