Бүгін:
kz ru

МАЗМҰНДЫ АКЦИЯ ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА

Елбасының "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында Жамбыл облысы əкімдігінің мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасы мен жастар саясаты мəселелері басқармасы бірлесе ұйымдастырған "Рухыңды ұлықта" акциясы құтты мекен Қордай ауданында өтті. Акцияға Қордай ауданы əкімінің орынбасары Биқұт Жаманкөзов арнайы қатысып, ұйымдастырушыларға қолдау көрсетті. Ұлтымыздың ұлық дəстүрі мен рухани құндылықтарын, тарихы мен əдебиетін насихаттап, бір жыл бұрын ғана өз есігін халыққа айқара ашқан облыс Жамбыл атындағы "Руханият" орталығын халыққа кеңінен таныстыру мақсатында өтіп жатқан шарада 100 жаңа есім, салт-дəстүр, жастар тəрбиесі сынды өзекті мəселелер кеңінен қозғалып, аталған тақырыптарда бейнероликтер көрермен назарына ұсынылды.
Қордайлық жастар мен аудан халқы мағыналы кештен рухани азық алып, ұйымдастырушыларға үлкен алғыстарын білдірді.

 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз