Бүгін:

«Ең үздік ауылдық мəдениет үйі, клуб – 2017» облыстық байқауы жəне «Театр.KZ» фестивалі Шу, Мойынқұм аудандарында жалғасын тапты

Елбасының "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының аясында «Ең үздік ауылдық мəдениет үйі, клуб – 2017» облыстық байқауы жəне «Театр.KZ» фестивалі Шу, Мойынқұм аудандарында өтті. 
Ат басын Керей мен Жəнібек бабаларымыз ту тіккен Шу мекеніне бұрған қазылар алқасы «Ең үздік ауылдық мəдениет үйі, клуб – 2017» байқауы бойынша Шу қалалық мəдениет үйіне қарасты Бірлік ауылдық клубына барып, мекеменің шығармашылық жағдайы, материалдық-техникалық базасы, құжаттары, қазандықтарын көріп, жалпы жағдайларын біліп, мәдениет ошағының тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. 
Бірлік ауылдық клубының ұжымы қазылар алқасы мен көрермендерге алдымен аулада "Беташар" салтын көрсетіп, түрлі ұлт өкілдерінің биін ұсынды. Ал ғимарат ішінде "Болашағымыз - бірлікте" атты концерттік бағдарлама өтті. 
Концерттің жоғарыда дəрежеде өткеніне тəнті болған қазылар алқасының төрағасы Ерлан Ауесбаев клуб ұжымына үлкен шығармашылық белестерді бағындыруларына тілектес екенін жеткізді.
Ары қарай комиссия құрамы Мойынқұм ауданына бағыт алып, ондағы Бірлік ауылдық клубының "Ауыл кеші көңілді" тақырыбындағы концерттік қойылымын тамашалады.
«Театр.KZ» фестивалі бойынша Мойынқұм ауданыгың халықтық театры «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» трагедиясынан бір сағаттық қойылым көрсетті. Қазылар алқасы қойылым соңында драматургия, театр өнері жайында кәсіби көзқарастарын ортаға салып, әртістерге сын-пікірлерін,ойларын айтты.












 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз