«Ең үздік ауылдық мəдениет үйі, клуб – 2017» облыстық байқауы мен «Театр.KZ» фестивалі Жуалы ауданында
Бүгін мемлекет басшысының "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында өтіп жатқан «Ең үздік ауылдық, мəдениет үйі, клуб – 2017» облыстық байқауы, «Театр.KZ» фестивалі батырлар мекені Жуалы ауданында өтті.
Жамбыл облысы əкімдігінің мəдениет,архивтер жəне құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйытқысымен дəстүрлі түрде өтіп келе жатқан байқауға Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық мəдениет үйі мен Қосбөлтек ауылдық клубын ұсынды. Қарасаз ауылдық мəдениет үйі комиссия мүшелері мен көрермен қауымға дарынды қаламгер, қарымды журналист қоғам жəне мəдениет қайраткері Жуалы ауданының үлкен мақтанышы, жазушы Шерхан Мұртазаның 85 жас мерейтойына арналған "Халқының қызыл жебесі" атты əдеби сазды кеш ұсынды. Жазушының қазынаға толы шығармашылық əлемінен сыр шер
ткен мазмұнды шараға ауыл мектебінің оқушылары белсене қатысты. Шара соңында қазылар алқасының мүшесі Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Ғани Садырбаев өз пікірін ортаға салып, жас өнерпаздарға сəттілік тіледі.
Комиссия мүшелері одан ары клубтың құжаттарын, "Рухани жаңғыру" бағдарламасының орындалуын, клуб жылу жүйесі мен қазандығын, көрнекілік құралдарын тексеріп, мамандарға кəсіби тұрғыдан кеңес берді.
Қазылар алқасы əрі қарай Жуалы ауданындағы Қосбөлтек ауылындағы клубқа келіп, бұл мекеменің де құжаттарын, "Рухани жаңғыру" бағдарламасының орындалуын, көрнекі құралдарын, клуб жұмысын тыңғылықты тексеріп шықты. Ауыл тұрғындары мен қазылар алқасына клуб меңгерушісі "Мейірімге шөлдеген қоғам" атты танымдық кеш ұсынды. Қазіргі қоғамның түйткілді мəселелері панасыз балалар мен қараусыз қалған қарттар үйіндегі қазыналы қарияларымыздың жай күйі шара барысында талқыланып, оқушылар мен тұрғындар арасында сауалнама жүргізілді. Көрермен назарына көзге жас үйірер бейнероликтер ұсынылды. Көпшіліктің көңіл пернесін дөп басқан кешке ақсақалдар мен ауыл имамы қатысып, салиқалы ойларын ортаға салды.
Жуалы аудандық Мыңбұлақ халық театры "Театр.KZ" фестивалі үшін дарынды да дара актер Асанəлі Əшімовтың 80 жылдық мерейтойының құрметіне оның сан тарау тағдырына арналған поэтикалық драмасын сахналады.
Қойылым көрермендер мен комиссия мүшелерінің көңілінен шығып, қазылар алқасының төрағасы Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Формат Е" мəдени даму оқу-əдістемелік орталығының директоры Ерлан Ауесбаев пен Облыстық халық шығармашылығының көркемдік шығармашылық бөлімінің басшысы Нұралы Абдуллаев Ербол Бекжанов пен Ерболат Қаттебековтың бірлесе қойған қойылымына кəсіби тұрғыдан пікір білдіріп, ризашылықтарын айтты. Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Ғани Садырбаев халық театрының ұжымына зор шығармашылық табыстар тілеп, үлкен республикалық, халықаралық байқауларға қатысуға шақырды.